Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы мәліметтердің құрамы және осындай мәліметтерді алу тәртібінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) "д" тармақшасы "(егер куәлік электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта "және оның орналасқан жерінің мекенжайы" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзацта "Кеден органының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне" деген сөздер "Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"куәліктің қолданылу мерзімі не "шектелмеген" жазбасы (егер куәлікте куәліктің қолданылуы тоқтатылатын күн белгіленбеген жағдайда).".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |