Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 201 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі;

      Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 201 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ

Реттік №

Құрылымдық элемент немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу объектісі

Стандарттың белгіленімі және атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

2-қосымша

МЕМСТ 2-2013 "Аммиак селитрасы. Техникалық шарттар"


2

МЕМСТ 2081-2010 "Карбамид. Техникалық шарттар"


3

МЕМСТ Р 51520-99 "Минералдық тыңайтқыштар. Жалпы техникалық шарттар"


4

ҚР СТ МЕМСТ Р 51520-2010 "Минералдық тыңайтқыштар. Жалпы техникалық шарттар"


5

V бөлім, 12-тармақ
 

МЕМСТ 30333-2007 "Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар"


6

МЕМСТ 32421-2013 "Қауіптілігі физикалық-химиялық қасиеттеріне негізделетін химиялық өнімді сыныптау. Жарылғыш химиялық өнімді сынақтан өткізу әдістері"


7

МЕМСТ 32419-2013 "Химиялық өнімнің қауіптілігін сыныптау. Жалпы талаптар"


8

МЕМСТ 32424-2013 "Қоршаған ортаға ықпал етуі бойынша химиялық өнімнің қауіптілігін сыныптау. Жалпы талаптар"


9

VII бөлім, 22-тармақ

МЕМСТ 31340-2013 "Химиялық өнімнің ескерту таңбасы. Жалпы талаптар"


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 201 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ

Реттік

Құрылымдық элемент немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу объектісі

Стандарттың белгіленімі және атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

2-қосымша

МЕМСТ 21560.0-82 "Минералды тыңайтқыштар. Сынамаларды іріктеу және дайындау әдістері"

оны өзекті етіп және осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады

2

МЕМСТ 30182-94 "Минералдық тыңайтқыштар. Жалпы талаптар. Сынамаларды іріктеу"


3

МЕМСТ EN 1482-1-2013 "Тыңайтқыштар және әктасты материалдар. Сынамаларды іріктеу және дайындау. 1-бөлік. Сынамаларды іріктеу"


4

МЕМСТ EN 1482-2-2013 "Тыңайтқыштар және әктасты материалдар. Сынамаларды іріктеу және дайындау. 2-бөлік. Сынамаларды дайындау"


5

ҚР СТ ИСО 8358-2010 "Қатты тыңайтқыштар. Химиялық және физикалық талдау үшін үлгілерді дайындау"

тиісті мемлекетаралық стандартты әзірлеп және оны осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады

6

2-қосымша, "карбамидтегі биуреттің массалық үлесі" көрсеткіші

МЕМСТ 32555-2013 "Карбамид (мочевина). Биурет құрамын анықтаудың фотометриялық әдісі"


7

МЕМСТ EN 15479-2013
"Тыңайтқыштар. Карбамидтегі биуретті спектрометриялық анықтау"


8

2-қосымша, "табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі" көрсеткіші

МЕМСТ 30108-94 № 2 BY өзгерістерімен "Материалдар және құрылыс бұйымдары. Табиғи радионуклидтердің үлесті тиімді белсенділігін анықтау"


9

2-қосымша, "аммиак селитрасының массалық үлесі 10% сулы ерітіндігің рН" көрсеткіші

МЕМСТ 2-2013 "Аммиак селитрасы. Техникалық шарттар" (7.10 кіші бөлімі)


10

2-қосымша, "аммиак селитрасының гранулометриялық құрамы" көрсеткіші

МЕМСТ 21560.1-82 "Минералдық тыңайтқыштар. Гранулометриялық құрамын анықтау әдісі"


11

2-қосымша, "аммиак селитрасының құрамындағы хлор" көрсеткіші

МЕМСТ 33831-2016 "Аммиак селитрасы және оның негізінде жасалған тыңайтқыштар. Хлоридтердің массалық үлесін анықтау әдісі"


12

2-қосымша, "аммиак селитрасының құрамындағы жанғыш заттар" көрсеткіші

МЕМСТ 33812-2016 "Аммиак селитрасы және оның негізінде жасалған тыңайтқыштар. Құрамындағы жанғыш органикалық заттарды анықтау әдісі"


13

2-қосымша, "аммиак селитрасының құрамындағы мыс" көрсеткіші

МЕМСТ 33813-2016 "Аммиак селитрасы және оның негізінде жасалған тыңайтқыштар. Құрамындағы мысты анықтау әдісі"


14

2-қосымша, "25 – 50 °С температура кезінде аммиак селитрасының кеуектілігі (майды ұстап қалу қабілеті)" көрсеткіші

МЕМСТ 29288-92 "Құрамында азоты жоғары тыңайтқыштар. Аммоний нитраты. Майды ұстап қалу қабілетін анықтау әдісі"


15

МЕМСТ 33832-2016 "Аммиак селитрасы және оның негізінде жасалған тыңайтқыштар. Кеуектілігін анықтау әдісі"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады