Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 2 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 204 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
29-тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"13-нөмірде Ресей Федерациясында 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім күшіне енген күні (көрсетілген күнгі жағдай бойынша Ресей Федерациясының тиісті тауарды таңбалау тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісі күшіне енді) немесе ол күшіне енгеннен кейін аталған Келісімнің 7-бабын ескере отырып Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе кері импорттау кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар үшін мынадай мәліметтер көрсетіледі:
әрбір тауар бірлігіне, тауар заттаңбасына немесе тұтынушы қаптамасына (ол болмаған жағдайда – бастапқы қаптамаға) сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтарының жалпы саны (бұдан әрі – тауарлардың сәйкестендіру кодтары);
таңбалау деңгейінің кодтық белгісі ("0" – сәйкестендіру құралы тауарға, тауар заттаңбасына немесе тұтынушы қаптамасына (ол болмаған жағдайда – бастапқы қаптамаға) енгізілген), "1" – сәйкестендіру құралы топтық қаптамаға енгізілген, "2" – сәйкестендіру құралы көліктік қаптамаға енгізілген), сондай-ақ (қағаздағы жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде "/" бөлгіш белгісі арқылы) тауарларды сәйкестендіру кодтары немесе топтық қаптамаға енгізілген сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтары (бұдан әрі – топтық қаптаманының сәйкестендіру кодтары) немесе көлік қаптамасына енгізілген сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтары (бұдан әрі – көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары).
Тауарлардың сәйкестендіру кодтарының жалпы саны туралы мәліметтер және таңбалау деңгейінің кодтық белгісі электрондық құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаздағы жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде ":" бөлу белгісі арқылы көрсетіледі.
Тауарлардың сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманының сәйкестендіру кодтары, көліктік қаптаманының сәйкестендіру кодтары электрондық құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде әрбір сәйкестендіру коды бойынша ТД құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы, ал қағаздағы жеткізгіштегі ТД тапсыру кезінде үтір арқылы көрсетіледі.
Тауарлардың сәйкестендіру кодтарын, топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтарын немесе көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтарын қатар тізіп көрсету кезінде тиісті диапазонның бірінші және соңғы нөмірі көрсетіледі. Электрондық құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде бұл мәліметтер ТД құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы, ал қағаздағы жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде "–" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.
Бір мезгілде әрбір тауар бірлігіне, тауар заттаңбасына немесе тұтынушылық қаптамаға (ол болмаған жағдайда – бастапқы қаптамаға), топтық және көліктік қаптамаға енгізілген сәйкестендіру құралдары бар тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде, егер барлық тауарлардың тауарларды сәйкестендіру кодтарын қамтитын сәйкестендіру құралдары енгізілген көліктік қаптамалары болған жағдайда көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары көрсетіледі.
Бір мезгілде әрбір тауар бірлігіне, тауар заттаңбасына немесе тұтынушылық қаптамаға (ол болмаған жағдайда – бастапқы қаптамаға) және топтық қаптамаға енгізілген сәйкестендіру құралдары бар тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде, егер барлық тауарлардың тауарларды сәйкестендіру кодтарын қамтитын сәйкестендіру құралдары енгізілген топтық қаптамасы болған жағдайда топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтары көрсетіледі.
Сәйкестендіру құралдары енгізілген топтық және (немесе) көліктік қаптамасы бар немесе жоқ тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде сәйкестендіру кодтары мынадай бірізділікте көрсетіледі: көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары (сәйкестендіру құралы енгізілген көліктік қаптамасы бар тауарлар үшін), топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтары (сәйкестендіру құралы енгізілген топтық қаптамасы бар тауарлар үшін), тауарлардың сәйкестендіру кодтары (сәйкестендіру құралы енгізілген көліктік және топтық қаптамасы жоқ тауарлар үшін). Электрондық құжат түріндегі ТД қалыптастыру кезінде бұл мәліметтер ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаздағы жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД толтыру кезінде тауарлардың сәйкестендіру кодтарының жалпы саны мен ":" бөлу белгісінен кейін таңбалау деңгейінің кодтық белгісінен бастап таңбалаудың әрбір деңгейі үшін жеке жолда көрсетіледі;".