Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес "твист-офф" үлгісіндегі бұрандалы металл қақпақтарды өндіру жөніндегі желіні сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 214 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қақпақтың дайындамасын қалыптау, оның жиектерін бітеу және қысу, бұрандалы шығыңқы жерлерді қалыптау, пластизолды құю және бөлу, металл табақтарды беру үстелінен, автоматты порталды тығыздаудан, қалыптау және құю машиналарынан, кептіру пешінен, тасымалдағыштардан, автоматты есептегіштен тұратын дайын қақпақтарды кептіру, есептеу және салу жөніндегі дәйекті операцияларды орындайтын жабдықпен жарақтандырылған "твист-офф" үлгісіндегі бұрандалы металл қақпақтарды өндіру желісі, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8462 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады