Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабының және Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) ережелерін сақтауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 215 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қазақстан Республикасына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабының және Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) ережелерін, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 460-бабының 2-тармағына (ал ол күшіне енгенге дейін – Кеден одағы Кеден кодексінің 372-бабына) орай, оған сәйкес тиісті келісімшарттар күшінде болатын (күшінде болған) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылатын (қолданылған), жер қойнауын пайдалану (отын-энергетика секторы) саласындағы құқықтық қатынастар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты төленген кедендік әкелу баждарының сомаларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында есепке жатқызу және бөлу бөлігінде орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2 ай ішінде қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады