Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес шикі резеңке қоспасын әзірлеуге арналған технологиялық желіні сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 217 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Шикі резеңке қоспасын әзірлеуге арналған, мынадай компоненттерден (құрылғылар, агрегаттар, механизмдер):

      каучукты және резеңке қоспасының сұйық ингредиенттерін сақтауға, дозалауға және беруге арналған жабдықтан;

      резеңке қоспасының ұнтақ ингредиенттерін сақтауға, дозалауға және беруге арналған жабдықтан;

      каучукты, резеңке қоспасының сұйық және ұнтақ тектес ингредиенттерін бастапқы араластыруға арналған жабық роторлық резеңке араластырғыштан;

      резеңке қоспасының ингредиенттерін одан әрі араластыруға, оны қыздыруға, пластиктеуге және лента түріндегі нысанға келтіруге арналған деңгейлес ашық қос роторлы араластырғыштан (цилиндрлік роторлардан);

      ленталық транспортерлерден тұратын технологиялық желі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8477 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады