Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1,3 (б) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес хирургиялық операциялар кезінде тігіс салуға арналған, бір немесе екі атравматикалық инелермен біріктірілген хирургиялық жіп болып табылатын стерильді орамдағы атравматикалық тігіс материалы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3006 10 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |