Балық кәсіпшілігі флотының кемелерінде су биологиялық ресурстарынан балық және өзге де өнімдерді өндіру кезінде пайдаланылатын ораманы (тығындау құралдарын) және буып-түю материалдарын азыққор ретінде пайдаланылатын тауарларға жатқызу критерийлері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 224 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 281-бабының 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Егер орамалар (тығындау құралдары) және буып-түю материалдары бір мезгілде мынадай критерийлерге сәйкес келсе:

      а) Одаққа мүше мемлекеттің көлік саласындағы заңнамасында көзделген мемлекеттік кеме тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізіліп, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі − Одақ) кедендік шекарасы арқылы балық кәсіпшілігі флотының кемесінде тасымалданса (өткізілетін болса);

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген, кемеде олардың кәсіпшілігін (өндіруді, аулауды) жүзеге асыруға құқық беретін рұқсат беру құжаттарында көрсетілген және Одаққа мүше мемлекеттің балық аулау және (немесе) су биологиялық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік билік органы берген су биологиялық ресурстарынан балық және өзге де өнімдерді өндіру (алу) кезінде пайдалануға арналса;

      в) Одақтың техникалық регламенттерінің, өңірлік (мемлекетаралық) немесе ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың талаптарына, ал мұндай талаптар (регламенттер, стандарттар) болмаған жағдайда – оларға сәйкес су биологиялық ресурстарынан балық және өзге де өнімдер дайындалатын құжаттарға (ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өндірушінің өзге де құжаты) сәйкес келсе;

      г) Одақтың тауарлары болып табылса, бұл жағдайда олар азыққор ретінде пайдаланылатын тауарларға жатады деп айқындалсын.

      2. Осы Шешім бұрын көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беретін кедендік рәсімдерге орналастырылған, осындай аумақтан әкетілген және осы Шешім күшіне енгенге дейін су биологиялық ресурстарынан балық және өзге де өнімдерді өндіру кезінде пайдаланылмаған Одақтың кедендік аумағына әкелінетін орамаларға (тығындау құралдарына) және буып-түю материалдарына қатысты қолданылмайды.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады