Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдаушы экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып кедендік декларациялау туралы" 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім осы Шешімнің қосымшасында көзделген өзгерістердің 2020 жылғы 1 қазанда күшіне енетін 2-тармағының "д" тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, "ж" тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 225 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақта:
а) "а" тармақшасының үшінші абзацында "жеке бір жүкқұжат бойынша өткізілетін" деген сөздерден кейін "және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне не кері экспорт кедендік рәсіміне немесе кері импорт кедендік рәсіміне (егер бұрын тауарлар ЭЖТД ұсыныла отырып кедендік рәсімдерге орналастырылған болса) орналастырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
б) "б" тармақшасының жетінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"әкелінетін акцизделетін тауарлар (сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органмен (аккредиттелген сынақ зертханаларымен (орталықтармен) шарттың көшірмесі немесе осындай сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) осындай мақсаттар үшін әкелінетін (әкелінген) тауарлардың қажетті санын (салмағы мен көлемін) растайтын хаты болған жағдайда зерттеулер мен сынақтар жүргізуге арналған сынамалар мен үлгілер ретінде әкелінген тауарларды қоспағанда);
әкетілетін акцизделетін тауарлар (Беларусь Республикасы үшін);
оларға қатысты кеден баждары, салықтар төлеу бойынша жеңілдіктер, тарифтік квоталар, тарифтік преференциялар қолданылатын тауарлар және оларға қатысты қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шаралар және (немесе) ішкі нарықты қорғаудың өзге де шаралары қолданылатын тауарлар;".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінде:
а) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бір ЭЖТД-да мынадай:
жалпы кедендік құны бір жүкқұжат бойынша 200 евроға эквивалентті болатын сомадан аспайтын әкелінетін тауарлар туралы және бір жеке жүкқұжат бойынша жалпы кедендік құны 200 еуроға эквивалентті болатын сомадан асатын, бірақ 1000 еуроға эквивалентті сомадан аспайтын әкелінетін тауарлар туралы;
құжаттар туралы (құжаттар деп коммерциялық құны жоқ құжаттар мен хат-хабарларды ұсынатын, тасымалдануы коммерциялық құжаттарды толтырумен ілесіп жүргізілмейтін экспресс-жүктер танылады) және тауарлардың өзге де санаттары туралы;
биологиялық үлгілер туралы және тауарлардың өзге де санаттары туралы мәліметтерді бірге көрсетуге жол берілмейді.";
б) 13-тармақтың бірінші абзацында "тұрғылықты жері туралы мәліметтер" деген сөздерден кейін "немесе тауарларды жеткізу (жөнелту) мекенжайы" деген сөздермен толықтырылсын;
в) 16-тармақтың бірінші абзацында ", алушы (жалпы жүкқұжат бойынша) және кеден өкілі" деген сөздер "және алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) мынадай мазмұндағы 161-тармақпен толықтырылсын:
"161. Жеке жөнелтуші және жеке алушы туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаздағы жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД тиісті графаларында жеке жолдарда көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
а) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға (ұйым) үшін:
қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы;
салық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
б) шетелдік ұйым үшін:
қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы;
орналасқан жері немесе тауарларды жеткізу (жөнелту) мекенжайы (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
в) заңды тұлға болып табылмайтын және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (ұйымның) атынан әрекет ететін оқшауландырылған бөлімше үшін:
өзі оқшауландырылған бөлімше болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы;
оқшауландырылған бөлімшенің қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы (бар болған жағдайда);
оқшауландырылған бөлімшенің орналасқан жері немесе тауарларды жеткізу (жөнелту) мекенжайы (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
оқшауландырылған бөлімшенің салық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
өзі оқшауландырылған бөлімше болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) салық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
г) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкер үшін:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
тұрғылықты жері немесе тауарларды жеткізу (жөнелту) мекенжайы (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
салық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
д) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды алушы болып табылатын шетелдік жеке тұлға үшін:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (бар болған жағдайда) (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);
жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе жеке жүкқұжатқа сәйкес тауарларды жеткізу мекенжайы (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес).";
д) 23-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер тауарлар ЭЖТД берілгенге дейін уақытша сақтауға орналастырылған болса, графада құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және тауарлардың уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын мәліметтер мен құжаттың нөмірі көрсетіледі (Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін).";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Графа мынадай:
егер ЭЖТД тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін берілетін болса, алдын ала кедендік декларациялау кезінде;
тауарлар экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда толтырылмайды.";
е) 26-тармақтың төртінші абзацында:
"16" деген цифрлар "161" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Құжаттар орын ауыстырған кезде 4 және 5-бағандарда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) салық нөмірі туралы мәліметтер көрсетілмейді.";
ж) 27-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бағанда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) тауардың ЭЖТД бойынша реттік нөмірі және "/" бөлу белгісі арқылы тауардың жеке жүкқұжат бойынша реттік нөмірі көрсетіледі.";
бесінші – жетінші абзацтарда "Беларусь Республикасы" деген сөздерден кейін "және Ресей Федерациясы" деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзац бірінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік құн Кодекстің 136-бабының 2-тармағы ескеріле отырып көрсетіледі.";
з) 30-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Жеке жүкқұжат бойынша орын ауыстыратын тауарлардың мүше мемлекеттің валютасындағы жалпы кедендік құны және жалпы брутто салмағы туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД тиісті графасының жеке жолдарында көрсетіледі.";
и) 32-тармақта:
тоғызыншы абзацта екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды";
оныншы абзацта:
", Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында" деген сөздер "және Қырғыз Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды";
он бірінші абзацта мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды".