1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы "Басым Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру туралы" № 32 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің 2019 жылғы 08 тамыздағы | |
№ 33 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы
18 қазандағы № 32 өкіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақтағы "16" деген цифрлар "17" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Өкімге № 1 қосымшада:
а) бірінші графа мынадай мазмұндағы 13-позициямен толықтырылсын:
"13. Өнеркәсіптік технологиялар";
б) екінші графа мынадай мазмұндағы 16-позициямен толықтырылсын:
"16. Өнеркәсіптік жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу технологиялары".
3. Мынадай мазмұндағы № 17 қосымшамен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің | |
2016 жылғы 18 қазандағы | |
№ 32 өкіміне | |
№ 17 ҚОСЫМША |
"Өнеркәсіптік жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу технологиялары" еуразиялық технологиялық платформасының
ПАСПОРТЫ
1. Құрылтайшылар:
"Республикалық кәсіпкерлік конфедерациясы" заңды тұлғалар одағы (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
"НПО Центр" ашық акционерлік қоғамы (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
"Агроөнеркәсіп кешенінің салалары үшін ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді өндірушілер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Қырғыз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы);
Татарстан Республикасының Машина жасау кластері (Набережные Челны қаласы, Ресей Федерациясы).
2. Мақсаты:
мүше мемлекеттердің, кәсіпорындардың, оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың мүше мемлекеттердің жөндеу технологияларын инновациялық дамытуды үдетуге, серпінді технологиялар жиынтығын қамтитын технологиялық базис құруға, өнім өндірісі, сапасы мен ассортименті көлемінің тұтынушылардың жиынтық сұранысына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған зияткерлік, қаржылық және әкімшілік ресурстарын шоғырландыру есебінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өнеркәсіптік жабдықты жөндеу саласында жұмыс істейтін қоғамдастықтарының шығармашылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін көбейту.
3. Міндеттері:
өнеркәсіптік жабдықты жөндеу бойынша өркениетті нарықты қалыптастыру, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы кооперацияны дамыту;
өнеркәсіптік жабдықты жөндеу жөніндегі міндеттерді шешуде өндірісті техникалық тұрғыдан қайта жарақтау, серпінді технологияларды енгізу және кәсіпорындардың инновациялық қызметін жандандыруды, импорт алмастыруды, әлемнің озық елдеріне технологиялық тәуелділікті азайтуды қамтамасыз ететін өнімділігі жоғары өндірістер құру жолымен платформаға қатысушылардың өндірістік, технологиялық және зияткерлік әлеуетін жоғарылату;
өнеркәсіптік объектілердің экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан оларды ерте диагностикалау әдістерін қолдану, мұндай объектілерге қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды азайту және өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
инвестициялық белсенділікті, соның ішінде шетелдік инвестициялар тартуды ынталандыру, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің тиімділігін арттыру және ғылымды көп қажет ететін технологияларды дамыту, қаржыландыруға инновациялық даму қорларын тарту;
мүше мемлекеттердің аумақтарында ғылым, өнеркәсіп және шағын бизнес субъектілері қатысатын интеграциялық процестерді дамыту;
жаңа әзірлемелерге жетекші шетелдік мамандарды тарту үшін өнеркәсіптік жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеу технологиялары саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалану;
Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары технологиялар аумағы және жедел технологиялық даму аймағы ретіндегі мәртебесін қалыптастыру және қолдау.
4. Қызметтің негізгі бағыттары:
мүше мемлекеттер өнеркәсібін дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, ғылымның және білім беру мекемелерінің күш-жігері мен ресурстарын үйлестіру;
өнеркәсіптік жабдықты жөндеудің сапалы жаңа технологияларын жасауды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
жөндеу технологияларын тиімді пайдалануды ұйымдастыру жүйесін құру;
ұлттық өнеркәсіптік кешендерді өзара тиімді инновациялық дамыту ынталандыру, мүше мемлекеттерде құзыреттер орталықтарын құру, "болашақ экономикасын" қалыптастыру, ұдайы технологиялық жаңару, өнеркәсіптің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
өнеркәсіптік жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі қызметтерді тұтынушыларды сарапшылық, консультациялық және ақпараттық қолдау.
4. Мынадай мазмұндағы № 7 қосымшамен толықтырылсын:
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы | |
№ 32 өкіміне № 7 ҚОСЫМША |
"Қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу технологиялары" еуразиялық технологиялық платформасының ПАСПОРТЫ
1. Құрылтайшылар:
Ресей ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);
Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесі Тау-кен ісі институты федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы);
Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы);
"Қазақстан Республикасы Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы);
"Геология бойынша ғылыми өндірістік орталық" республикалық унитарлық кәсіпорны "Минск қаласы, Беларусь Республикасы).
2. Мақсаттары:
қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласында ғылыми-техникалық дамудың ұлттық және әлемдік озық жетістіктерін шоғырландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;
мүше мемлекеттердің жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы міндеттерін бірлесіп шешу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ғылыми әлеуетін жұмылдыру;
инновациялық технологияларды әзірлеу;
мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына тосқауылдарды жою;
мүше мемлекеттердің тау-кен өнеркәсібі қызметін дамытудың ғылыми-техникалық және инновациялық салаларындағы кооперацияны қамтамасыз ету, қатты пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудің тиімділігін арттыру, болашақ экономикасын қалыптастыру;
ұдайы технологиялық жаңару және мүше мемлекеттер экономикасының тау-кен өнеркәсібі секторының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
3. Міндеттері:
мүше мемлекеттер экономикасының тау-кен өнеркәсібі секторын дамыту үшін неғұрлым өзекті ортақ проблемаларды анықтау;
мүше мемлекеттер экономикасының тау-кен өнеркәсібі секторының өзекті проблемаларды шешуге арналған жаңа технологияларға деген қажеттіліктерін айқындау;
мүше мемлекеттердің қатты пайдалы қазбаларын өндіру және қайта өңдеу технологияларын дамыту деңгейін бағалау, осындай технологияларды шетелдік аналогтармен салыстыру;
қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектерді өндіру және қайта өңдеу саласындағы неғұрлым өзекті проблемаларды шешудің барынша тиімді жолдарын ұсыну;
орындаушылар ұжымдарының ынтымақтастығы шеңберінде консультациялық жұмыстар жүргізу және инновациялық салада кооперациялық әріптестерді қалыптастыру және мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыру;
қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларына бірлескен сараптаманы, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бірлескен жобаларды ұйымдастыру және жүргізу;
мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыру үшін бюджеттен және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат тарту;
кадрларды даярлау және қайта даярлау, бірлескен зертханалар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен станцияларын құру, сондай-ақ семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыруға жәрдемдесу;
тау-кен өнеркәсібі қызметінің үздік практикаларын кеңінен танымал етудің және мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамудағы жетістіктерінің бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру.
4. Қызметтің негізгі бағыттары:
отын-энергетикалық ресурстарды өндіру және тереңдетіп қайта өңдеу;
тау-кен химиясы шикізатын өндіру және тереңдетіп қайта өңдеу;
темір кендерін өндіру және байыту;
түсті металдар кенін өндіру және байыту;
асыл металдар кенін өндіру және байыту;
жерде сирек кездесетін кендерді өндіру және қайта өңдеу;
қатты пайдалы қазбалар бөлігінде геологиялық-барлап іздеу;
тау-кен машинасын жасау, сервис және тау-кен өнеркәсібі қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
жер қойнауын пайдалану экономикасы;
ресурстар мен қорларды, тау-кен өнеркәсібі жобаларын сараптау;
инновациялық технологиялар трансфері, зияткерлік меншікті қорғау және тиімді пайдалану;
тау-кен өнеркәсібі саласы үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және аттестаттау