1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтері, орталық (ұлттық) банктері (келісу бойынша) Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал мен орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы" баяндамасын (бұдан әрі – баяндама) (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) назарға алсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия:
баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын;
мүше мемлекеттердің макроэкономикалық орнықтылығын арттыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында баяндаманы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономика министрліктерінің басшылары кеңесінде қарау үшін енгізсін;
Еуразиялық үкіматаралық кеңеске жыл сайын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал мен орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы баяндап отырсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |