Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зергерлік өнімін үшінші елдердің нарықтарына жылжыту жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2019 жылғы 25 қазандағы № 17 Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зергерлік өнімін үшінші елдердің нарықтарына жылжыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірге осы өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
  2019 жылғы 25 қазандағы № 17 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зергерлік өнімін үшінші елдердің нарықтарына жылжыту жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Орындаушы

Күтілетін нәтиже

I. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зергерлік өнім өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1. Еуразиялық зергерлік экспорттық бюро қалыптастырудың орындылығы туралы шешім қабылдау үшін оны құру тұжырымдамасының жобасын әзірлеу
 
 
 
 
 

2020 жыл
 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ), Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)
 

тұжырымдама жобасы,
Одақ органының отырысына баяндама

 

2. Шикізат жеткізуді ұйымдастыру және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мәселелері бойынша қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды аса ірі өндірушілермен консультациялар өткізу

қажеттілігіне қарай

мүше мемлекеттер,
Комиссия

хаттамалық шешім

3. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (салмағы 0,3 каратқа дейінгі гауһарға қатысты кіші қосалқы позиция бөлу бөлігінде) және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (салмағы 0,3 каратқа дейінгі гауһарды қосып) өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау және Комиссияның қарауына ұсыну

2020 жылғы
I тоқсан
 

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

мүше мемлекеттердің ұсыныстары

4. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне аффинаждалған алтын мен күміске қатысты өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау және Комиссияның қарауына ұсыну

2020 жыл
 

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

мүше мемлекеттердің ұсыныстары

5. Қымбат бағалы металдардың сынығы мен қалдығына қатысты кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімін ұзартудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындау және Комиссияның қарауына ұсыну

қажеттілігіне қарай

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

мүше мемлекеттердің ұсыныстары

II. Мүше мемлекеттердің зергерлік өнімінің экспортын қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру

6. Одақтың зергерлік нарығын және үшінші елдердің зергерлік бұйымдарының нарығын мониторингтеу

қажеттілігіне қарай

мүше мемлекеттер, Комиссия
 

Комиссия актілерін әзірлеу туралы ұсыныстары

7. Мүше мемлекеттердің бірлескен сауда инфрақұрылымын пайдалану арқылы қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау

2019 – 2020 жылдар
 

мүше мемлекеттер,
Комиссия
 

Одақ органының отырысына баяндама

8. Конференциялар мен көрмелерге қатысу (соның ішінде шетелдік көрме іс-шараларында)

2019 – 2021 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия
 

конференциялар мен көрмелерге қатысу

9. Мүше мемлекеттердің зергерлік өнім өндірушілерінің қазіргі және жаңадан құрылатын брендтерін (соның ішінде Одақтың бұлттық зергерлік брендін) ынталандырудың қосымша механизмдерін құру туралы мәселені пысықтау

2021 жыл

мүше мемлекеттер, Комиссия
 

Комиссия Кеңесінің отырысына баяндама,
Комиссия Кеңесінің ұсынымы

III. Мүше мемлекеттердің зергерлік өнімін үшінші елдердің нарықтарына жылжытуды ынталандырудың қосымша механизмдерін қалыптастыру

10. Ресей Федерациясындағы Владивосток еркін портының аумағында Еуразиялық алмас орталығын құру тәжірибесін талдау

2020 жыл

Ресей Федерациясы

Комиссия Кеңесінің отырысына баяндама

11. Жеке тұлғалардың атына халықаралық пошта жөнелтілімдерін ресімдеген кезде қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың өндірісі мен айналысы саласында мемлекеттік бақылау (қадағалау) рәсімін өтеу тәртібін оңайлату туралы мәселені пысықтау

2020 жыл

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

мүше мемлекеттердің ұсыныстары

12. Зергерлік бұйымдарды шетелдік көрмелерде жеткізуге келісімшарт жасамай бөлшек сату мүмкіндігін белгілеу туралы мәселені пысықтау

2020 жыл

мүше мемлекеттер

мүше мемлекеттердің ұсыныстары

13. Зергерлік бұйымдарға, қымбат бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты мүше мемлекеттерде жүзеге асырылатын экспорттық рәсімдердің салыстырмалы рейтингін қалыптастыру тәртібін айқындау

2021 жылғы
I тоқсан
 

мүше мемлекеттер, Комиссия

Комиссия актісі

14. Мүше мемлекеттердің зергерлік өнім өндірушілерінің көрме-жәрмеңке іс-шаралары мен бизнес-миссияларының тізбесін айқындау

2021 жылғы
IV тоқсан

мүше мемлекеттер, Комиссия

Комиссия Алқасының ұсынымы

15. Одақтың кедендік аумағында құрамында қымбат бағалы металдар бар шикізатты, сынықтар мен қалдықтарды қайта өңдеуге рұқсатты ресімдеу рәсімін оңайлату және Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу рәсімі шеңберінде дайындалған өнімді сәйкестендіру туралы мәселені пысықтау

2021 жыл

мүше мемлекеттер, Комиссия
 

Комиссия Кеңесінің отырысына баяндама


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады