Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) көрсетілген Регламентке №1 қосымша мынадай мазмұндағы 158-тармақпен толықтырылсын:
"158. Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларын бекіту.";
б) көрсетілген Регламентке №2 қосымша мынадай мазмұндағы 45-тармақпен толықтырылсын:
"45. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімінде мүше мемлекеттің өнеркәсіптік тауары және оны өндіруші туралы жазбаның күшін жою туралы мәселені қарау.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан