Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 6 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 5, 6, және 17-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 6 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, авариялардың немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан жарамсыз болып қалған, бүлінген немесе зақымданған тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолданудың ерекшелікері туралы ережені бекіту туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 145 шешіміне:

      а) атауындағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кіріспесіндегі "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құнын айқындау туралы келісімнің 1-бабының 3-тармағының екінші абзацында" деген сөздер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 17-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақтағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) аталған шешіммен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, авариялардың немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан жарамсыз болып қалған, бүлінген немесе зақымданған тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолданудың ерекшелікері туралы ережеде:

      атауындағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімде (бұдан әрі - Келісім)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 5-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Зақымдалған тауарлардың кедендік құны, егер мұндай тауарлар үшін нақты төленген немесе төленуге тиісті бағасын сатушы қайта қараса және мұндай бағаның өзгеруі құжатталған болса (мысалы, сыртқы экономикалық шартта (келісімшартта), жаңа шот-фактурада (инвойста), сондай-ақ Кодекстің 5-тарауында көзделген шарттар сақталса, Кодекстің 39-бабында белгіленген әкелінетін тауарлармен мәміле құны жөніндегі әдіс бойынша (1-әдіс) айқындалады.";

      4-тармақтағы "Келісімнің 6 – 8 және 10-баптарында" деген сөздер "Кодекстің 4143 және 45-баптарында" деген сөздермен, "Келісімде" деген сөз "Кодекстің 5-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Келісімнің 6 және 7-баптарында" деген сөздер "Кодекстің 41 және 42-баптарында" деген сөздермен, "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      бірінші абазцтағы "Келісімнің 8-бабында" деген сөздер "Кодекстің 43-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтардағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақтың кедендік аумағы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағына әкелінген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Келісімнің 10-бабы" деген сөздер "Кодекстің 45-бабы", "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағы", "Келісім" деген сөз "Кодекстің 5-тарауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "икемді қолданумен" деген сөздер "икемді қолдану арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Кеден одағының және Біртұтас экономикалық кеңістіктің" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы декларацияланбай өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолданудың ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 180 шешімінде:

      а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына декларацияланбай әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы";

      б) кіріспеде "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімнің 1-бабы 3-тармағының екінші абзацында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 6-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына декларациянбай әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ереже бекітілсін.";

      г) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы декларацияланбай өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолданудың ерекшеліктері туралы ережеде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына декларацияланбай әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ереже";

      мәтін бойынша "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы" деген сөздер тиісті септікте "Одақтың кедендік аумағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) кедендік аумағына декларацияланбай әкелінген және Одақтың кедендік аумағында табылған, соның ішінде кедендік бақылау тексерісі барысында анықталған тауарларға (бұдан әрі - декларацияланбай әкелінген тауарлар) қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодесінің 56-бабына және 72-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктерін белгілейді.

      Осы Ереже, сонымен қатар, декларацияланбай әкелінген тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде, осындай тауарлар табылған тұлға кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын ерікті түрде төлеген кезде қолданылады.

      2. Декларацияланбай әкелінген тауарлардың кедендік құны осы Ереженің 3 – 8-тармақтарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отрып, Кодекстің 5-тарауына сәйкес айқындалады.";

      3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарларды" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын, "Келісімде" деген сөз "Кодекстің 5-тарауында" деген сөздермен, "Келісімнің 4, 6-10-баптарында" деген сөздер "Кодекстің 39, 41 -44-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Одақтың кедендік аумағына тауарлардың әкелінген күні;";

      алтыншы абзацтағы "төлем" деген сөз "жеткізілім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      тоғызыншы тармақтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер Кодекстің 39, 41 - 44-баптарында белгіленген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін тауарлардың Одақтың кедендік аумағына декларацияланбай әкелінген мән-жайлары анықталмаған жағдайда, декларацияланбай әкелінген тауарлардың кедендік құны осы Ереженің 5 – 7-тармақтарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Кодекстің 45-бабында белгіленген резервтік әдіспен (6-әдіс) айқындалады.

      екінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен, "Келісім" деген сөз "Кодекстің 38-бабының 15-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер декларацияланбай әкелінген тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінген күнін анықтау мүмкін болмаса, олардың кедендік құнын анықтау мақсатында осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінген фактісі анықталған күн осындай күн болып саналады.

      Егер декларацияланбаған тауарлар Одақтың кедендік аумағына қандай жағдайда әкелінгені туралы мәліметтер болмаса, олардың кедендік құнын анықтау үшін мұндай тауралар, егер олар Одақтың кедендік аумағына әкелінген күні фактісі анықталған күнгі тауарлар ретінде қаралады.";

      6-тармақта:

      бірінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағына әкелінген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Келісімнің 4-бабында" деген сөздер "Кодекстің 39-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын, "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын, "заңсыз әкелінген тауарларды" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер тиiстi септікте "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын, "оларды тасымалдау (тасымалдау), сақтандыру және сақтау бойынша" деген сөздер "оларды тасымалдау (тасымалдау), сақтандыру және сақтау үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      бірінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын, "Келісімде" деген сөз "Кодекстің 5-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар," деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар," деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы декларацияламай өткізу" деген сөздер "оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "заңсыз әкелінген тауарлар" деген сөздер "декларацияланбай әкелінген тауарлар," деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі және еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 1 қарашадағы № 130 шешімінде:

      а) атауындағы "аяқталған" деген сөз "қолданысы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кіріспесінде "2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 18-бабына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 15-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 5-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақта "аяқталған" деген сөз "қолданысы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) көрсетілген Шешіммен бекітілген еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі және еркін қойманың кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ерекшеліктері туралы ережеде:

      атауында "аяқтау" деген сөз "қолданылуын аяқтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың "г" тармақшасындағы "2010 жығы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 11-бабының 1-тармағының 1 - 4-тармақшаларында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 213-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзац "аяқталған" деген сөз "қолданысы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "аяқталған" деген сөз "қолданысы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімде (бұдан әрі - Келісім)" деген сөздер "Кодекстің 5-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абазцта "Келісім" деген сөз "Кодекстің 5-тарауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші абзацында "Келісімнің 4-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтаған кезде" деген сөздер "Кодекстің 5-тарауында белгіленген шарттарды орындаған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "а" тармақшасының төртінші абзацындағы "қос алғанда, буып-түюге," деген сөздер "буып-түюге, оның ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "б" тармақшасында:

      бірінші абзацтағы "сатушыны" деген сөз алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "ұқсас заттар" деген сөздер "басқа тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "ұқсас заттар" деген сөздер "басқа тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "в) бағаланатын тауарларды кейіннен сату, өзгеше тәсілмен иелену немесе пайдалану нәтижесінде алынған, сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі кірістердің (кірістердің) бір бөлігі;" ;

      "г" тармақшасындағы "тасымалдау (тасымалдау) бойынша" деген сөздер "тасымалдауға (тасымалдауға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "д" тармақшасындағы "тиеу, түсіру немесе қайта жүктеу бойынша" деген сөздер "тиеуге, түсіруге немесе қайта жүктеуге" деген сөздермен ауыстырылсын, "жүргізуге" деген сөз "орындауға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "ж" тармақшасындағы "(патенттерге, тауарлық белгілерге, авторлық құқықтарға төлемдерді қоса алғанда)" деген сөздер "роялтиді, патенттерге төлемдерді, тауарлық белгілерді, авторлық құқықтарды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың "а" тармақшасындағы "көшіру (тираждау)" деген сөздер "көбейту (тираждау) үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      бірінші абзацтағы "(кеден өкілі)" деген сөздер алып тасталсын;

      "а" тармақшасындағы "қойма" деген сөз "қойма," деген сөзбен ауыстырылсын;

      "б" тармақшасындағы "тасымалдау (тасымалдау) бойынша" деген сөздер "тасымалдауға (тасымалдауға)" деген сөздермен ауыстырылсын, "жүзеге асырылатын" деген сөздер "жүзеге асырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "в" тармақшасында:

      "Кеден одағының Кеден кодексінде" деген сөздер "Кодексте" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аяқталған" деген сөз "қолданысы аяқтаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бағаланатын тауарлардың кедендік құнын ұқсас тауарлармен мәміле бойынша әдіспен (2-әдіс), біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіспен (3-әдіс) немесе Кодекстің 42-бабының 1-тармағында және 43-бабының 3-тармағында белгіленген кезеңді анықтау үшін шегерім әдісімен (4-әдіс) айқындау кезінде, осындай тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларация тіркелген күн деп есептеледі.";

      8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Келісімнің 8-бабының 2-тармағында" деген сөздер "Кодекстің 43-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      9-тармақтың "а" тармақшасындағы "өндіру немесе сатып алу бойынша" деген сөздер "өндіруге немесе сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 138 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде резервтік әдісті (6-әдіс) қолдану ережесінің 6-тармағында:

      үшінші абзацтағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы декларацияланбай өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолданудың ерекшеліктері туралы ереже" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына декларацияланбай әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау ерекшеліктері туралы ереже" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады