Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымшаға қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 240 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызуға, бөлуге, аударуға және қайтаруға байланысты ақпарат алмасу туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған хаттама (2) күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 9 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызуға, бөлуге, аударуға және қайтаруға байланысты ақпарат алмасу туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 3-тармақтағы "Астана қаласының уақыты" деген сөздер "Нұр-Сұлтан қаласының уақыты" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Ережеге қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
(нысан)
_______________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы)
20___ жылғы "_____" ___________ үшін
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы ЕСЕБІ
Көрсеткіштің атауы | Сомасы | |
бір күнгі | жыл басынан бері | |
1 | 2 | 3 |
1-бөлім. Мүше мемлекеттің ұлттық валютасында | – | – |
Алдыңғы есептің күні 20__ жылғы "___"______________
Мүше мемлекеттің уәкілетті__________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
органының басшысы
(уәкілетті тұлға)
Жауапты орындаушы ______________ ______________________
(Т.А.Ә.) (телефон нөмірі)
________________
* Уәкілетті органы есепті дайындаған мүше мемлекетке қатысты толтырылмайды
** Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттама (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша).".