Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін металды илемдеу орнақтары үшін қақталған болат біліктерге қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 21 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына (көрсетілген шара қолданысының Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 3 шешімі негізінде ұзартылғаны ескеріле отырып) байланысты жүргізілген қайтадан тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Украинада шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін металды илемдеу орнақтары үшін қақталған болат біліктерге қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданысы (көрсетілген шара қолданысының Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 3 шешімі негізінде ұзартылғаны ескеріле отырып) қоса алғанда 2022 жылғы 28 ақпанға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті осы Шешіммен ұзартылған демпингке қарсы шараны қолдану жағдайларында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өндірушілерінің бағаларды негізсіз көтеріп жіберуіне жол бермеу мақсатында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімінің 1-тармағында көрсетілген тауар бағаларының мониторингін жүзеге асырсын.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімінде көзделген мөлшерде демпингке қарсы баждың алынуын қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 82 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларының алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен демпингке қарсы бажға есепке жатқызылуын және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады