2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мындай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкалары белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.22-бөлімінің 27-тармағында (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) "3603 00 900 9-дан" деген сөздер "3603 00 900 2-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларвын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 3603 00 100 1, 3603 00 100 9, 3603 00 900 1, 3603 00 900 9 коды бар позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3603 00 100 2 – – от өткізгіш сымдары
3603 00 100 3 – – – ішкі беті жарылғыш затпен жабылған
пластмассалық түтіктер (толқынды өткізгіштер)
3603 00 100 8 – – – өзгелері
3603 00 900 2 – – соққы капсюлалары
3603 00 900 3 – – – электрлі емес
3603 00 900 4 – – – өзгелері
3603 00 900 5 – – түтікшелер
3603 00 900 6 – – электрлі детонаторлар".
4. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің дамушы елдерден немесе аз дамыған елдерден шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталған кезде оларға қатысты тарифтік преференциялар берілетін тауарлар тізбесінің II бөліміне от өткізгіш сымдарға, детонатор сымдарына, соққы капсюлаларына, түтікшелерге және электр детонаторларына қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 28 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым-ша өлшем бірлігі |
3603 00 100 1 | – – ішкі беті жарылғыш затпен жабылған пластмассалық түтіктер (толқынды өткізгіштер) | м |
3603 00 100 9 | – – өзгелері | м |
3603 00 900 1 | – – электрлі емес жарылғыш капсюлалар | дана |
3603 00 900 9 | – – өзгелері | дана |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 28 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3603 00 100 2 | – – от өткізгіш сымдар | м |
– – жарылғыш сымдар: | ||
3603 00 100 3 | – – – ішкі беті жарылғыш затпен жабылған пластмассалық түтіктер (толқынды өткізгіштер) | м |
3603 00 100 8 | – – – өзгелері | м |
3603 00 900 2 | – – соққы капсюлалары | шт |
– – жарылғыш капсюлалар: | ||
3603 00 900 3 | – – – электрлі емес | шт |
3603 00 900 4 | – – – өзгелері | шт |
3603 00 900 5 | – – түтікшелер | шт |
3603 00 900 6 | – – электр детонаторлары | шт |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 28 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуро не АҚШ долларымен) |
3603 00 100 2 | – – от өткізгіш сымдар | 6,5 |
3603 00 100 3 | – – – ішкі беті жарылғыш затпен жабылған пластмассалық түтіктер (толқынды өткізгіштер) | 5 |
3603 00 100 8 | – – – өзгелері | 6,5 |
3603 00 900 2 | – – соққы капсюлалары | 6,5 |
3603 00 900 3 | – – – электрлі емес | 5 |
3603 00 900 4 | – – өзгелері | 6,5 |
3603 00 900 5 | – – түтікшелер | 6,5 |
3603 00 900 6 | – – электр детонаторлары | 6,5 |