Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім, өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 3-тармағы "а" тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 4-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 3-тармағы "а" тармақшасының үшінші абзацы және 4-тармағының үшінші абзацы осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2019 жылғы 1 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 3-тармағы "а" тармақшасының төртінші абзацы осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 50 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Тауарларды алып өту ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша):

      099 коды бар позиция "2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын" деген сөздерден кейін ", 2020 жылғы футбол бойынша UEFA Еуропа чемпионатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      172 және 173 кодтары бар позициялар "зерттеу қызметі" деген сөздерден кейін "және оның нәтижелерін коммерцияландыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"18Х*

Армения Республикасында біржақты тәртіппен енгізілген тауарларды алып өтудің өзге де ерекшеліктері

180

Қаржылық жалдау (лизинг) шарты бойынша алып өтілетін тауарлар (Армения Республикасы үшін)".

      2. Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышында (6-қосымша):

      ТеКД коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"ЖМБ

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 115-бабының 3-тармағына сәйкес толық емес кедендік декларациялау кезінде мәлімделген, жетіспейтін мәліметтерді мәлімдеу (тауарларға арналған декларацияны түзету) (Беларусь Республикасы үшін)";

      МКД коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"НММ

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 116-бабының 3-тармағына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау кезінде мәлімделген, жетіспейтін мәліметтерді, сондай-ақ тауарлардың нақты саны туралы мәліметтерді мәлімдеу (тауарларға арналған декларацияны түзету) (Беларусь Республикасы үшін)".

      3. Кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктердің сыныптауышында (7-қосымша):

      а) 1.1-кіші бөлімде:

      ИР коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"2019 жылғы 1 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Сингапур Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференция
 

СГ

2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференция

СБ";

      ШЕ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8802 30 000 3 кодымен сыныпталатын, бос жарақталған аппаратының салмағы 12 000 кг-дан асатын, бірақ 13 000 кг-дан аспайтын, жүк рампасымен жарақтандырылған саны 5 дана әскери-көлік ұшақтарына қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

ЖР";

      б) 4.4-кіші бөлімнің 4.4.1-тармағы мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Ресей Федерациясының Мемлекеттік азаматтық әуе кемелерінің тізілімінде тіркелген (тіркелуге жататын) азаматтық әуе кемелеріне қатысты ҚҚС төлеуден босату
 

ӘК

Шет мемлекеттің мемлекеттік азаматтық әуе кемелерінің тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелеріне қатысты ҚҚС төлеуден босату
 

ТӘ

Ресей Федерациясының аумағында азаматтық әуе кемелерін құруға, жөндеуге және (немесе) жаңғыртуға арналған авиациялық қозғалтқыштарға, қосалқы бөлшектер мен жасақтаушы бұйымдарға, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерін және (немесе) авиациялық қозғалтқыштарды әзірлеуге, жасауға және (немесе) сынауға қажетті баспасөз басылымдарына, тәжірибелік үлгілерге және (немесе) құрамдас бөліктерге қатысты ҚҚС төлеуден босату

АҚ".

      4. Құжаттар мен мәліметтер түрлері сыныптауышының (8-қосымша) 6-бөлімі 06018 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"06019

ТС-3 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат

06020

EAS нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат".

      5. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар мен өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышында (9-қосымша):

      а) 2.7-бөлім мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Ресей Федерациясына көлік құралдарын әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өткізілетін көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) бланкісінің құны үшін алым

9180";

      б) 5.4-кіші бөлімде:

      9310 коды бар позициядағы "импорт үшін алым" деген сөздер "әкелу үшін салық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9320 коды бар және 9330 коды бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"Жылжымалы шығарынды көздерінен атмосфералық ауаға зиянды заттарды шығаруға салынатын табиғат қорғау салығы

9320

Жол салығы

9330".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады