Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 51 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жарықдиодты шамды сыныптау туралы" № 42 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауындағы "бойынша" сөзі "сәйкес" деген сөзбен, "номенклатурасы" деген сөз "номенклатурасына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "8543 70 900 0 қосалқы позициясында" деген сөздер "8539 50 000 9 кіші қосалқы позициясында" деген сөздер ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес аккумуляторы және басқару пульті бар жарық диодты шамды сыныптау туралы" № 167 шешімінің 1-тармағындағы "8539 50 000 0 қосалқы позициясында" деген сөздер "8539 50 000 9 кіші қосалқы позициясында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 208 шешімі күшіне енген күннен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады