Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесінің 1.11-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 57 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағының негізінде, азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі тәуекелін болдырмау мақсатында жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) 1.11-бөліміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 57 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесінің 1.11-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН "1201" коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жармаланған немесе жармаланбаған соя бұршақтары 1201".

      2. "**" белгісімен мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "** Қазақстан Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін Қазақстан Республикасы тиісті уәкілетті органының растауы болған жағдайда мөлшері 20 000 тонна жармаланған немесе жармаланбаған соя бұршақтарын қоспағанда.".

      3. Бөлімге ескертудің 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "кедендік декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 115 және 116-баптарында көзделген ерекшеліктермен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 104-бабының 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында бекітілген ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды шығаруға жол берілетін кедендік рәсімдерге сәйкес 2020 жылғы 12 сәуірге дейін шығарылған тауарлар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады