Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 18-тармақтың 14-тармақшасы бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясында, тауарды өндіруші (шығарушы) туралы мәліметтер болған кезде, 1-нөмірмен көрсетілген мәліметтерге қосымша тауарды өндірушінің (шығарушының) салық нөмірі (осы Тәртіптің 141 тармағына сәйкес) және Объектілерді әкімшілік-аумақтық бөлудің жалпыресейлік жіктемесі (ОӘАЖЖ) бойынша коды көрсетіледі. Егер тауарды өндіруші (шығарушы) ретінде шетелдік тұлға, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекетке қарағанда, Одаққа өзге мүше мемлекетте тіркелген тұлға болса, КД берілетін кедендік органға салық нөмірі және Объектілерді әкімшілік-аумақтық бөлудің жалпыресейлік жіктемесі (ОӘАЖЖ) бойынша коды көрсетілмейді.";
б) Х4 бөлімнің 4120 тармағында:
13-тармақша бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Уақытша КД-да тауарды өндіруші (шығарушы) туралы мәліметтер көрсетілмейді.";
14-тармақшада "1.1-нөмірмен" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |