Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 217 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 93 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 217 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінің 3-тармағындағы, ал олар болмаған жағдайда – оларды қолдану нәтижесінде көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 006/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттар, "Пиротехникалық бұйымдар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары" МЕМСТ Р 51270-99 қатысты "Ескерту" бағанындағы "01.07.2020 дейін қолданылады" деген сөздер "01.01.2023 дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын";

      б) халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінің 3-тармағында, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 006/2011) талаптарын қолдану және орындау және "Пиротехникалық бұйымдар. Сынау әдістері" МЕМСТ Р 51271-99 қатысты көрсетілген шешіммен бекітілген Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың "Ескерту" бағанындағы "01.07.2020 дейін қолданылады" деген сөздер "01.01.2023 дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады