2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес оларға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалардың мөлшерінің тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 97 шешімі

      Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы 2015 жылғы 29 мамырдағы Еркін сауда туралы келісімнің 2.4-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес оларға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалар мөлшерлерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 3901 40 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"3901 40 000 1

– – осы топқа Еуразиялық экономикалық одақтың 1-қосымша ескертпесінде көрсетілген сополимерлер

6,7

5,0

3,3

1,7

0

0

0

0

0

0

3901 40 000 9

– – өзгелері

6,7

5,0

3,3

1,7

0

0

0

0

0

0".

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне бастапқы нысандардағы этилен полимерлерінің жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады