2019 жылғы 9 тамыздағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімге сәйкес қолданылатын рұқсат беру құжатының бірыңғай нысаны туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешімі

      2019 жылғы 9 тамыздағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімнің 6-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны оның негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу жүзеге асыралатын қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны ретінде пайдаланылады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 9 тамыздағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады