Уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдеріне) кеден органдары сәйкестендіру құралдары ретінде тануы үшін салған пломбаларына қойылатын талаптар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 127 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 437-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдеріне) кеден органдары сәйкестендіру құралдары ретінде тануы үшін салған пломбаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 20 қазандағы
№ 127 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдеріне) кеден органдары сәйкестендіру құралдары ретінде тануы үшін салған пломбаларына қойылатын ТАЛАПТАР

I. Жалпы талаптар

      1. Осы Талаптар бірінші және (немесе) үшінші типті куәліктер бере отырып уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдеріне) салған пломбаларын Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің кеден органдары сәйкестендіру құралдары ретінде тануы мақсатында әзірленді.

      2. Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары бекіту-пломбалау құрылғылары деп аталатын функционалдық тағайындалуы бойынша күшпен пломбалау құрылғылары (бұдан әрі – механикалық пломбалар) болып табылатын және сыртқы конструктивтік белгілері бойынша арқандар (тростар) типіне жататын пломбаларды олар осы Талаптарға сәйкес болған жағдайда сәйкестендіру құралдары ретінде таниды.

II. Механикалық пломбаларға қойылатын конструктивтік талаптар

      3. Механикалық пломбалар көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарындағы (бөлімдеріндегі) тауарларға көрсетілген көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарының (бөлімдерінің) бекітілетін құрылғылары арқылы осы құрылғыларды блоктап санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғауды және көрсетілген тауарларға қолжеткізу фактісін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

      4. Механикалық пломбалардың конструкциясы оларды көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарынан (бөлімдерінен) конструкцияның тұтастығын бұзбай алуға немесе визуалды да, аспаптарды және арнайы зерттеу әдістерін қолдана отырып та тіркелетін ықпал ету іздерін қалдыруға жол бермеуі тиіс.

      5. Механикалық пломбалар бір реттік пайдаланылатын болуы тиіс. Механикалық пломбалардың конструкциясы:

      а) мұндай пломбаларды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін алғаннан кейін қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмауы;

      б) оларды осы операцияны орындауға арналған шымшуыр-тістеуіктің немесе арқан кескіштердің көмегімен ғана алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      6. Механикалық пломбалардың корпусы 50 г аспайтын массадан және ең жоғары габариттік мөлшері 30 х 30 х 10 мм болуы тиіс. Механикалық пломба корпусы массасының 5 пайыздан аспайтын ауытқушылығына рұқсат етіледі.

      7. Механикалық пломбалардың конструкциясында иілгіш блоктаушы элемент ретінде атаулы диаметрі 1,5 мм аспауы тиіс көпталшықты болат трос пайдаланылуы қажет. Мұндай тростың ұзындығы 300 – 400 мм болуы тиіс.

      Механикалық пломбалардың корпусы металмен арқауланған, пластикпен жабылған және механикалық пломбамен құлыпталғаннан кейін көпталшықты болат тростың кері қозғалуын болдырмайтын бір немесе одан көп бекіткіш механизмдері болуы тиіс.

III. Механикалық пломбаларға қойылатын эргономикалық талаптар

      8. Механикалық пломбалардың конструкциясы:

      а) механикалық пломбаларды қолмен орнатуды (құлыптауды) және механикалық пломбалардың жабылған күйін қосалқы құрал-саймандарсыз қолмен ажыратып бақылауға тырысу есебінен тексеру мүмкіндігін;

      б) 30 Н (3 кгс) аспайтын күшпен баяу, кептеліссіз жабылуын қамтамасыз етуі тиіс.

IV. Механикалық пломбаларды пайдалану, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар

      9. Механикалық пломбалар:

      а) 1,5 кН (150 кгс) кем емес шекті рұқсат етілген созғыш күші ықпал етуі кезінде бұзылмаған жарамды күйде сақталуы тиіс. Бұл ретте механикалық пломбамен жабылған иілгіш көпталшықты болат троспен қалыптасқан ілмектің ең жоғары мөлшерінің жалпы артуы шекті рұқсат етілген созғыш күшінің ықпал етуі кезінде 20 мм аспауы тиіс;

      б) оларды пайдалану жағдайларын анықтайтын механикалық пломбалардың техникалық құжаттамасымен белгіленген жиілік диапазонындағы көп қайтара және бір реттік соққылардың және синусоидалық тербелістің ықпал етуі кезінде бұзылмаған жарамды күйде сақталуы тиіс.

      10. Механикалық пломбалар қоршаған ортаның минус 65 ºС-ден плюс 55 ºС-ге дейінгі аралықтағы температурада, ауаның 100 пайызға дейінгі салыстырмалы ылғалдылығы кезінде жарамды күйде сақталуы тиіс.

      Механикалық пломбалар тұзды (теңіз) тұманының және теңіз суының ықпал етуіне (ашық ауада минус 40 ºС-ге дейінгі температурадағы теңіз климаты жағдайында қолдануға), сондай-ақ шық түсуіне (ашық ауада минус 60 ºС-ге дейінгі температурада орташа салқын климат жағдайында қолдануға) төзімді болуы тиіс.

      11. Механикалық пломбалардың орамасы және тасымалдау ыдысы кез келген көлік түрімен тасымалдау кезінде олардың қасиеттері мен сипаттамаларының сақталуын және механикалық пломбаларды пайдалану мерзімі ішінде сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

      Механикалық пломбаларды пайдалану мерзімі олар өндірілген күннен бастап 5 жылдан кем болмауы тиіс.

V. Механикалық пломбалардың қорғаныш қасиеттерінің беріктігіне және санкцияланбаған "бұзбай" ашуға тұрақтылығына қойылатын талаптар

      12. Механикалық пломбалардың конструкциясы және олардың корпусына басылған ақпарат зауыттан тыс жағдайларда (тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) орындарында, көлік құралдарының жүретін жолында) жасанды құрылғыларды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

      13. Механикалық пломбалардың жеке сәйкестендіру белгілерінің санына, түріне және бақылау әдістеріне тәуелсіз механикалық пломбалардың қорғаныш қасиеттері алмастырудан немесе қолдан жасаудан қорғау дәрежесі бойынша тұрақты болуы тиіс.

      Механикалық пломбалардың көзбен бақыланатын жеке сәйкестендіру белгілерінің саны 6-дан артық, ал аспаптардың көмегімен бақыланатындар саны – 2 – 3 болуы тиіс. Мұндай белгілер, мысалы, механикалық пломбалардың корпусына басылатын таңбалау және оны басу тәсілдері, механикалық пломбалардың немесе олардың құрамдас бөліктерінің геометриялық мөлшерлері, массасы, түсі, механикалық пломбалар мен олардың құрамдас бөліктерін дайындау үшін пайдаланылатын материалдар мен қорғаныш жабындылары, механикалық пломбалар мен олардың құрамдас бөліктерінің сыртқы қабатын өңдеу тазалығы болып табылады.

      14. Механикалық пломбалар бұзбай санкцияланбаған "бұзбай" ашуға (олардың құрамдас бөліктерін бұзбай (манипуляцияларға, арнайы құралдардың және әдістердің ықпалына), сондай-ақ кейін механикалық пломбаларды ашу іздерін жасыру және көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдеріне) қайта орнату мүмкіндігімен механикалық пломбалардың конструкциясын ішінара бұзып ажыратуға) аса жоғары тұрақты болуы тиіс. Мұндай тұрақтылық көрсеткіші 60-тан қоса алғанда 100-ге дейін нормо-минутты құрайды.

VI. Механикалық пломбалардың жабындыларына қойылатын талаптар

      15. Механикалық пломбалардың гальваникалық және лак-бояу жабындылары сыртқы ортаның климаттық факторларының ықпалынан қорғауды (соның ішінде жемірілуге қарсы) және оларды ашық ауада минус 40 ºС дейінгі температурадағы теңіз климаты жағдайларында немесе ашық ауада минус 60 ºС дейінгі температурадағы орташа салқын климат жағдайларында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      16. Механикалық пломбалардың гальваникалық және лак-бояу жабындылары шаң-тозаңның, жауын-шашынның (соның ішінде қардың) қажағыш ықпал етуіне төзімді болуы тиіс.

VII. Механикалық пломбаларды бояуға және таңбалауға қойылатын талаптар

      17. Механикалық пломбалардың корпустарының сыртқы беткі қабаттары көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарын (бөлімдерін) бекіту құрылғылары аясында механикалық пломбаларды ерекшелендіретін және оларға басылған таңбалауды көлегелемейтін ашық қарама-қарсы түстерге боялуы тиіс.

      18. Таңбалау механикалық пломбалардың корпустарының беткі жағына және қажет болған жағдайда сыртжақ бетіне басылуы және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      "УЭО" аббревиатурасы;

      механикалық пломбаларды өндірушінің (дайындаушының) тауар белгісі (логотипі);

      механикалық пломбаның сәйкестендіру нөмірі (7 разрядты әріптік-цифрлық жеке бақылау коды);

      механикалық пломбаның шығарылған күні (механикалық пломба шығарылған жылдың соңғы 2 цифры).

      Механикалық пломбалардың корпусына көлік құралдарының немесе олардың бөліктерінің жүк орындарындағы (бөлімдеріндегі) тауарлардың жүк жөнелтушісінің (жүкті алушының) матрицалық немесе штрихты коды қосымша басылуы мүмкін.

      19. Механикалық пломбаларды таңбалау оған санкцияланбаған ықпал ету іздерін, оларды қолдан жасау іздерін анықтауды қамтамасыз ететін тәсілмен орындалуы және механикалық пломбаларды пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде, соның ішінде олардың таңбалау басылған корпустарының қорғаныш жабындысы ішінара зақымданған кезде сақталуы тиіс.

      20. Механикалық пломбаларды таңбалау айқын, анық (жеңіл оқылатын), айырып танылатын болуы тиіс.

      21. Механикалық пломбалардың сәйкестендіру нөмірлері табиғи және 50 лк кем емес жасанды жарықтандыру жағдайында 1 м қашықтықтан оқылатын болуы тиіс.

      22. Бірдей, сондай-ақ анық басылмаған және (немесе) толық емес (кемінде 7 разряд) сәйкестендіру нөмірлері бар механикалық пломбаларды қолдануға жол берілмейді.

      23. Механикалық пломбаларды таңбалауды кез келген өзгерту олардың анық қайтарымсыз физикалық, химиялық, жылумен не өзге де зақымдануларымен немесе бұзылуымен қоса жүруі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады