"Дельрус" жабық акционерлік қоғамының және "Дельрус РК" жауапкершілігі шектеулі серіктестінің "Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 165 шешіміне дау айтуы туралы іс бойынша Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Апелляциялық палатасының 2020 жылғы 6 қарашадағы шешімін орындау үшін және Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 111-тармағын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің 44-тармағын басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі "Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы" № 165 шешімінің 2 – 8 тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы № 22-2018/Д-01 істі қарау қайта басталсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |