Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 52-бабының 2-тармағына, 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің өтпелі ережелері туралы (ЕАЭО ТР 045/2017)" № 36 шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасының бірінші абзацындағы, "б" тармақшасындағы және "в" тармақшасының бірінші абзацындағы "2021 жылғы 1 қаңтардағы" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |