2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 314-бабының 5-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 12-тармағына сәйкес, мемлекеттің 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алу және оны болғызбауға бағытталған шараларын іске асыруға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген Дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылуын анықтау қағидалары 30-тармағының бірінші абзацындағы "осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайды" деген сөздер "осы Қағидалардың 35-тармағында және Еуразиялық экономикалық комиссияның "Дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылуын анықтау және 2019-nCoV короновирус инфекциясының таралуы жағдайында тауардың шығарылуы туралы сертификат беру ерекшеліктері туралы қағидаларға өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 36 шешімінде көрсетілген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 3-тармағына көзделген мақсаттар үшін тауардың шығарылуын растауда, тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасын тауарға берілген декларация тіркелген күннен 6 айдан кеш емес мерзімде міндетті түрде кейіннен ұсыну шартымен, аталған сертификаттың электрондық немесе қағаз түріндегі көшірмесін ұсынуға болады. Бұл жағдайда декларант сертификат көшірмесінің сырт жағына аталған мерзімде кеден органына тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсыну туралы міндеттемені (еркін нысанда) қолмен жазып немесе басып береді.
3. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасын осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда тауардың шығарылуы расталмаған болып есептеледі.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |