1. Қоса беріліп отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер тізбесі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы М.В. Мясникович Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруі үшін мәселелердің осы Өкіммен бекітілген тізбесін белгіленген тәртіппен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелеріне жіберсін.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2020 жылғы 21 ақпандағы № 7 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер ТІЗБЕСІ
1. 2019 жылғы 6 маусымдағы Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімнің күшіне енуі туралы.