Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 116 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

А. Смайылов

А. Новиков

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 23 қарашадағы
№ 116 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу негіздемесі

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (көрсетілген шартқа № 4 қосымша)14-тармағы)

Бағдарламаның жауапты әзірлеушісі

Еуразиялық экономикалық комиссия

Бағдарламаны бірлесіп әзірлеушілер

Армения Республикасының Статистика комитеті;
Армения Республикасының Орталық Банкі;
Армения Республикасының Қаржы министрлігі;
Армения Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті;
Беларусь Республикасының Ұлттық статистика комитеті;
Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі;
Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі;
Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ;
Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті;
Қырғыз Республикасының Ұлттық Банкі;
Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі;
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалаудың мемлекеттік қызметі;
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік салық қызметі;
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;
Федералдық мемлекеттік статистика қызметі;
Ресей Федерациясының Орталық Банкі;
Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі;
Федералдық қазынашылық;
Федералдық салық қызметі;
Федералдық кеден қызметі

Бағдарламаның мақсаты

халықаралық статистикалық стандарттарды қолдануды кеңейту негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ресми статистикалық ақпаратын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

Бағдарламаның міндеттері

Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ресми статистикалық ақпараттың салыстырмалылығын арттыру;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинау және тарату үшін сыныптамалардың бірыңғай жүйесін дамыту;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинау және тарату үшін цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратының нысаналы бағыты мен практикалық маңыздылығын арттыру;
Одақ шеңберінде статистика жүйесінің әлеуетін нығайту;
Одақтағы статистикалық қызметті үйлестіруді жақсарту

Бағдарламаны іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

Бағдарламаны қаржыландыру көздері

Одақ бюджеті (Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат бөлігінде), Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері (ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі функциялар жүктелген ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат бөлігінде)

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Одақтың ресми статистикалық ақпаратының халықаралық салыстырымдылығын арттыру;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратының әдіснамалық біртектілігін арттыру;
Одақтың статистикалық сыныптамаларының бірыңғай жүйесін қалыптастыру;
цифрлық форматта ресми статистикалық ақпарат алмасудың жаһандық процестеріне қатысу;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратының метадеректерінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратын Одақтың ресми сайты арқылы цифрлық форматта тарату;
тауар, көрсетілетін қызметтер, еңбек, капитал нарықтарының статистикасын жетілдіру;
жаңа бөлімдер бойынша Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру:
"жасыл" экономика және қоршаған ортаны қорғау, цифрлық экономика және т. б;
интеграциялық процестерді талдау үшін Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қолдануды кеңейту;
Одақтың ресми статистикалық ақпаратын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Одақтағы статистикалық қызметтің құқықтық негізін дамыту және Одаққа мүше мемлекеттердің статистика саласындағы заңнамасын үйлестіру

Бағдарламаны іске асыру тетігі

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бағдарламаны іске асыруға жауапты департаменті Бағдарламаны іске асыру мақсатында статистикалық қызметті ағымдағы басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Бағдарламаның іске асырылуын бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі функциялар жүктелген ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүзеге асырады

Кіріспе

      Осы Бағдарлама Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 14-тармағы негізінде әзірленді.

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпараты (бұдан әрі тиісінше – Одақ статистикасы, Одақ) негізделген шешімдер қабылдау мен ынтымақтастықты қолдау үшін үкіметтерді, мемлекеттік органдарды, бизнесті, ғылымды және азаматтарды объективті және бейтарап ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, қазіргі қоғамда маңызды рөл атқарады. Экономиканың жаһандануы, интеграциялық процестер және әлеуметтік дамудың жаңа бағыттары статистикаға өсіп келе жатқан әсер етеді. Статистиканың жаңа бөлімдері ("жасыл" экономика және қоршаған ортаны қорғау, цифрлық экономика және т.б.) пайда болып жатыр. Цифрлық форматта ақпарат алмасуға және оны пайдалануға мүмкіндік беретін статистикалық деректерді өндірудің жаңа технологиялық деңгейіне көшу жүзеге асырылып жатыр.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 34 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында Одақ статистикасының 29 бөлім бойынша өндірісі қамтамасыз етілді.

      Одақ статистикасында қол жеткізілген деректердің салыстырмалылығы мен толықтығының деңгейі Одақтың дамуына халықаралық кешенді бағалау әзірлеуге мүмкіндік береді ("Еуразиялық экономикалық одақ өңіріндегі орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу көрсеткіштері" баяндамасы Одақтың ресми сайтында жарияланған).

      Одақ шеңберінде "төрт еркіндіктің" дамуын талдау үшін Одақ статистикасын қалыптастыру қамтамасыз етілді. Тауарлар нарығы бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 1 тапсырмасын орындау үшін өзара сауданың жай-күйі туралы баяндама дайындау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтер нарығы бойынша көрсетілетін қызметтердің өзара саудасының статистикасы қалыптастырылады және Одақ көрсетілетін қызметтерінің бірыңғай нарығының сыныптамасы әзірленеді. Еңбек нарығы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердегі (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) халық санағы мен жұмыс күшін статистикалық зерттеу деректерінің салыстырмалылығы артты. Капитал нарығы бойынша өзара тікелей инвестициялар, биржалық сауда және Одақтың қаржы нарығының субъектілері бойынша статистика қалыптастырылады.

      Одақ статистикасының әдіснамалық негіздері қалыптастырылды. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының (бұдан әрі – Комиссия) шешімдерімен тұтастай және жекелеген бөлімдер бойынша Одақ статистикасын қалыптастыру әдіснамасы бекітілді. Комиссия Алқасының халықаралық статистикалық сыныптамаларды және жинақтық сыныптамалық топтамаларды қолдану жөніндегі 10-нан астам ұсынымы қабылданды. Цифрлық экономика статистикасы үшін әдіснамалық негіздер қаланды.

      Одақ статистикасында қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдану басталды. Мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру жөніндегі функциялар жүктелген ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен (бұдан әрі-уәкілетті органдар) бірлесіп, "Статистикалық деректермен және метадеректермен алмасу" ИСО 17369:2013 халықаралық стандартын (бұдан әрі – метадеректер стандарты) қолдану сынақтан өткізілді. Уәкілетті органдардың Комиссияға ресми статистикалық ақпаратты ұсынуы үшін "Статистикалық есептілік" статистиктердің жеке кабинеттері енгізілді.

      2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Одақ статистикасын дамыту Одақ статистикасы саласындағы қол жеткізілген интеграция деңгейімен және 2018 жылғы 6 желтоқсанда мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы Декларацияның ережелерін іске асырумен айқындалады.

I. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Осы бағдарламаның мақсаты халықаралық статистикалық стандарттарды қолдануды кеңейту негізінде Одақ статистикасын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

      Осы Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс:

      мүше мемлекеттер ресми статистикалық ақпаратының салыстырмалылығын арттыру;

      Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинау және тарату үшін сыныптамалардың бірыңғай жүйесін дамыту;

      Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинау және тарату үшін цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту;

      Одақтың ресми статистикалық ақпаратының нысаналы бағыты мен практикалық маңыздылығын арттыру;

      Одақ шеңберінде статистика жүйесінің әлеуетін нығайту;

      Одақтағы статистикалық қызметті үйлестіруді жақсарту.

II. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары, күтілетін нәтижелер
және оларға қол жеткізу индикаторлары

      Осы Бағдарламаның міндеттерін іске асыру мынадай бағыттар бойынша жұмыстар кешенін жүргізуді көздейді:

      халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу;

      Одақтың статистикалық сыныптамаларының бірыңғай жүйесін қалыптастыру;

      цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту;

      Одақ шеңберінде интеграцияның жаңа бөлімдері мен бағыттары бойынша статистиканы дамыту;

      бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру;

      Одақтағы статистикалық қызметтің құқықтық негізін дамыту.

1. Халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу

      Осы бағыт шеңберінде статистика саласында халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде іс-шаралар жүргізу болжанып отыр. Іс-шараларды іске асыру мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

      Одақтың статистикалық көрсеткіштерінің халықаралық салыстырмалылығын арттыру;

      ұлттық деңгейде және Одақ шеңберінде қолданылатын әдіснамаларды үндестіру:

      мүше мемлекеттерде статистикалық деректерді қамтудың толықтығын жақсарту;

      мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын Комиссияға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 6-тармағына сәйкес Комиссия бекітетін статистикалық көрсеткіштер тізбесі (бұдан әрі – көрсеткіштер тізбесі) бойынша Комиссияға жіберілетін мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын ұсынуды жақсарту;

      Одақ статистикасының көрсеткіштері мен бөлімдері бойынша әдіснамалық түсіндірмелер мен өзге де анықтамалық ақпарат әзірлеу және жетілдіру.

      Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мынадай индикаторларды қолдана отырып өлшенеді:

      қалыптастырылуы халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілген көрсеткіштер саны;

      мүше мемлекеттер бойынша ресми статистикалық ақпаратты қамту толықтығы жақсартылған көрсеткіштер саны;

      Комиссияға ресми статистикалық ақпаратты ұсынудың уақтылығы артқан көрсеткіштер саны;

      көрсеткіштер тізбесі бойынша мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын ұсыну жақсартылған көрсеткіштер саны;

      Одақ статистикасының көрсеткіштері мен бөлімдерінің тізбесі бойынша Комиссия дайындаған әдіснамалық және анықтамалық материалдар;

      басқа индикаторлар.

2. Одақтың статистикалық сыныптамаларының бірыңғай жүйесін қалыптастыру

      Осы бағыт шеңберінде Одақ статистикасын жинау, жинақтау, талдау және тарату үшін пайдаланылатын Одақтың статистикалық сыныптамаларының бірыңғай жүйесін одан әрі дамыту жөнінде мынадай іс-шаралар жүргізу көзделеді:

      Одақтың және мүше мемлекеттердің статистикалық практикасына халықаралық статистикалық сыныптамаларды, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының сыныптамаларын енгізу;

      халықаралық статистикалық сыныптамаларды, жинақтық сыныптамалық топтамаларды және метадеректер стандартында көзделген басқа метадеректерді қолдану саласын кеңейту;

      басқа да іс-шаралар.

      Іс-шараларды іске асыру мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

      халықаралық деңгейде Одақ статистикасының әдіснамалық біртектілігін арттыру;

      ұлттық деңгейде статистиканың әдіснамалық біртектілігін арттыру.

      Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мынадай индикаторларды қолдана отырып өлшенеді:

      Одақтың және мүше мемлекеттердің статистикалық практикасында алғаш қолданылған халықаралық статистикалық сыныптамалардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының сыныптамаларының саны;

      Одақ пен мүше мемлекеттердің статистикалық практикасында алғаш қолданылған метадеректер стандартына сәйкес әзірленген халықаралық статистикалық сыныптамалар мен өзге де метадеректер саны;

      орыс тіліндегі халықаралық статистикалық с (анықтамалықтардың) дайындалған бейімделген нұсқаларының саны;

      әзірленген жинақтық сыныптамалық топтамалардың саны;

      басқа индикаторлар.

3. Цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту

      Одақ статистикасында цифрлық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі метадеректер стандарты болып табылады.

      Осы бағыт шеңберінде мынадай іс-шараларды өткізу көзделеді:

      Одақ статистикасының бөлімдері бойынша метадеректер стандартына сәйкес деректер құрылымын әзірлеу;

      статистикалық метадеректер тізбесін (бұдан әрі – метадеректер тіркелімі) құру және жүргізу;

      ресми статистикалық ақпаратты жинау және тарату процестерін жетілдіру.

      Көрсетілген іс-шаралар шеңберінде әзірленген әдіснамалық материалдар Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі статистикасының кіші жүйесін кейіннен жаңғырту үшін негіз болады.

      Іс-шараларды іске асыру мынларға бағытталған:

      цифрлық форматта ресми статистикалық ақпарат алмасудың жаһандық процестеріне қатысу;

      Одақ статистикасының метадеректерінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру;

      сыртқы пайдаланушылар үшін Одақ статистикасын интерактивті режимде тарату.

      Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мынадай индикаторларды қолдана отырып өлшенеді:

      Одақ статистикасының бөлімдері бойынша әзірленген деректер құрылымдарының саны;

      метадеректер стандартын қолдана отырып, Комиссияға ұсынылатын статистикалық көрсеткіштердің саны;

      метадеректер тіркелімін пайдаланатын уәкілетті органдардың саны;

      метадеректер тіркелімі үшін әзірленген метадеректер саны;

      сыртқы пайдаланушылар үшін интерактивті режимде таратылатын Одақ статистикасы көрсеткіштерінің саны;

      басқа индикаторлар.

4. Одақ шеңберінде интеграцияның жаңа бөлімдері мен бағыттары бойынша статистиканы дамыту

      Осы бағыт шеңберінде мынадай басым бағыттар бойынша статистиканы дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізу көзделеді:

      тауарлардың ортақ нарығы;

      көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығы;

      ортақ еңбек нарығы;

      ортақ капитал нарығы;

      цифрлық экономика;

      "жасыл" экономика және қоршаған ортаны қорғау;

      орнықты даму саласындағы мақсаттар.

      Іс-шараларды іске асыру Одақтағы интеграциялық процестерді талдау үшін Одақ статистикасын қолдануды кеңейтеді.

      Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мынадай индикаторларды қолдана отырып өлшенеді:

      Одақ статистикасының жаңа бөлімдерінің саны;

      жаңа көрсеткіштер саны;

      жаңа статистикалық жарияланымдар саны;

      жарияланымдардағы жаңа бөлімдер саны;

      Одақтың ресми сайтындағы Одақ статистикасын пайдаланушылардың өтініштері санының өсуі;

      Одақ статистикасын пайдаланушылардың қанағаттанушылығын бағалау (сауалнама жүргізу арқылы);

      басқа индикаторлар.

5. Организация совместных мероприятий

      Осы бағыт шеңберінде Комиссияның уәкілетті органдармен бірлесіп мынадай іс-шаралар жүргізуі көзделеді:

      халықаралық семинарлар;

      өңірлік семинарлар мен тренингтер;

      мүше мемлекеттердің статистикалық қызметтері басшыларының жұмыс кездесулері;

      басқа да іс-шаралар.

      Бірлескен іс-шаралар шеңберінде осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі кезекті күнтізбелік жылға арналған іс-қимыл жоспарларының (бұдан әрі-іс-қимыл жоспары) жобаларын талқылау және оларды орындау қорытындыларын шығару ұйымдастырылады.

      Бірлескен іс-шараларды іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

      осы Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру тәжірибесімен алмасу;

      тренингтер негізіндестатистика саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;

      осы Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мақсатында уәкілетті органдардың статистикалық қызметін үйлестіру;

      ағымдағы ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мынадай индикаторларды қолдана отырып өлшенеді:

      өткізілген халықаралық семинарлар мен басқа да бірлескен іс-шаралар (оның ішінде тренингтер) саны;

      мүше мемлекеттерден бірлескен іс-шараларға қатысушылардың саны;

      бірлескен іс-шараларда мүше мемлекеттердің тұсаукесерлерінің саны;

      іс-қимыл жоспарына сәйкес өткізілген іс-шаралар саны;

      басқа индикаторлар.

6. Одақтағы статистикалық қызметтің құқықтық негізін дамыту

      Осы бағыт шеңберінде мынадай іс-шараларды өткізу көзделеді:

      Одақ органдарының статистика саласындағы актілерін қабылдау;

      Одақ статистикасының қажеттіліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің статистика саласындағы заңнамасын жетілдіру.

      Іс-шараларды іске асыру Одақтағы статистикалық қызметтің құқықтық негізін дамытуды және мүше мемлекеттердің статистика саласындағы заңнамасын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мынадай индикаторларды қолдана отырып өлшенеді:

      Одақ органдарының статистика саласында қабылданған актілерінің саны;

      мүше мемлекеттердің статистика саласындағы заңнамасына өзгерістер саны;

      басқа индикаторлар.

      Осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

III. Бағдарламаны қаржыландыру көздері

      Осы Бағдарламаның іс-шараларын орындау Одақ бюджеті (Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат бөлігінде), мүше мемлекеттердің бюджеттері (уәкілетті органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат бөлігінде) шеңберінде жүзеге асырылады.

IV. Бағдарламаны іске асыру тетігі

      Осы Бағдарламаны іске асыруға жауапты Комиссия департаменті:

      Комиссия Алқасының қарауы үшін осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі мәселелерді енгізеді;

      уәкілетті органдармен бірлесіп іс-қимыл жоспарын әзірлейді, оны Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарау және Комиссия Алқасының жетекшілік ететін мүшесінің бекітуі үшін енгізеді;

      осы Бағдарламаны іске асыру мақсатында қызметті ағымдағы басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады, жыл сайын іс-қимыл жоспарының орындалуы туралы есеп дайындайды және оны Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарау үшін ұсынады.

      Осы Бағдарламаның іске асырылуын бақылауды Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асырады.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың статистика
саласындағы интеграцияны
дамытудың
2021 – 2025 жылдарға
арналған бағдарламасына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Орындаушылар

Орындау мерзімі

Күтілетін нәтиже

I. Халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу

1. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) және Одаққа мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекеттер,Одақ статистикасы) қалыптастыруды Одақтың және мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасының халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес келуі бөлігінде талдау

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру жөніндегі функциялар жүктелген ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар)
 

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

2. Мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын толық қамтуды жақсарту және Комиссияға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету, Одақ статистикасының халықаралық статистикалық стандарттармен салыстырмалылығын арттыру

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)
 

3. Одақ статистикасы бойынша әдіснамалық материалдарды дайындау (жаңартып отыру)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

4. Одақтың статистика бөлімдері бойынша мүше мемлекеттердің үздік практикалар банкін жүргізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

5. Одақ статистикасының сапасын бағалауға әдіснамалық тәсілдер әзірлеу (оның жекелеген бөлімдері бойынша)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

6. Одақ статистикасының сапасы туралы баяндамаларды дайындау (оның жекелеген бөлімдері бойынша)

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

II. Одақтың статистикалық сыныптамаларының бірыңғай жүйесін қалыптастыру

7. Одақ статистикасында халықаралық статистикалық сыныптамаларды қолдану саласын кеңейту (сыныптамалар арасындағы өтпелі кілттерді әзірлеуді қоса алғанда)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

8. Халықаралық статистикалық сыныптамалардың бейімделген нұсқаларын дайындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

9. Жинақтық сыныптамалық топтамаларды әзірлеу және енгізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

10. Мүше мемлекеттерде қолданылатын және халықаралық стандарттармен үйлестірілген статистикалық сыныптамалар туралы ақпаратты жыл сайын жаңартып отыру

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

11. ИСО 17369:2013 "Статистикалық деректермен және метадеректермен алмасу" халықаралық стандарты (бұдан әрі – метадеректер стандарты) негізінде Одақ статистикасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін жүргізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

III. Цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту

1. Метадеректер стандартына сәйкес деректер құрылымын әзірлеу

12. Деректер құрылымын әзірлеу мақсатында (Одақ статистикасының бөлімдері бойынша) Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің (бұдан әрі – Комитет) жанынан жұмыс топтарын құру

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

13. Одақтың және мүше мемлекеттердің статистикалық практикасында қолданылатын статистикалық сыныптамаларды олардың метадеректер стандартының талаптарына сәйкестігі бөлігінде талдау (жұмыс топтары форматында)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

14. Деректер құрылымын құру тәжірибесімен алмасу (жұмыс топтары форматында)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

15. Деректер құрылымдарын құру мәселелері бойынша консультациялар (Одақ статистикасының бөлімдері бойынша) (жұмыс топтары форматында)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

16. Деректер құрылымдарын әзірлеу және байқаудан өткізу (Одақ статистикасының бөлімдері бойынша) (жұмыс топтары форматында)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

2. Статистикалық метадеректер тізбесін құру және жүргізу

17. Уәкілетті органдардың қажеттіліктерін ескере отырып, метадеректер стандарты негізінде статистикалық сыныптамалар мен өзге де метадеректер тізбесін (бұдан әрі – метадеректер тіркелімі) жасау жөнінде ұсыныстар дайындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2022 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

18. Метадеректер тіркелімінің құрамында статистикалық метадеректер тізбесін жүргізу бойынша ұсыныстар дайындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 – 2023 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

19. Халықаралық тіркелімдер мен метадеректер тіркелімі арасында метадеректермен алмасу бойынша ұсыныстар дайындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2024 жыл

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

20. Уәкілетті органдардың метадеректер тіркелімін пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2025 жыл

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

3. Ресми статистикалық ақпаратты жинау және тарату процестерін жетілдіру

21. Статистиктердің "Статистикалық есептілік" жеке кабинеттерінің жұмыс істеуін жетілдіру

Комиссия

2021 – 2022 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

22. Ресми статистикалық ақпаратты статистиктердің "Статистикалық есептілік" жеке кабинеттері арқылы беруге бейімделген форматтарда оларды жинауды қамтамасыз ету

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Алқа шешімі

23. Одақ статистикасының сыртқы пайдаланушылары үшін статистикалық деректердің қималары мен витриналарын қалыптастыру жөнінде деректер құрылымдарының негізінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

24. Одақ статистикасының ішкі және сыртқы пайдаланушыларына Одақ статистикасына интерактивті қолжетімділікті ұсыну

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

25. Әлем елдері бөлінісінде салалық және әлеуметтік-демографиялық статистиканың жекелеген көрсеткіштері бойынша серпінді қатарлардың кешенді дерекқорын құру және жүргізу

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

IV. Одақ шеңберінде интеграцияның жаңа бөлімдері мен бағыттары бойынша статистиканы дамыту

1. Статистиканың барлық бөлімдері

26. Одақ статистикасын пайдаланушылардың қажеттіліктері туралы ақпаратты жаңартып отыру

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

27. Одақта кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

28. Интеграциялық процестердің мүше мемлекеттер экономикаларының дамуына әсеріне бағалау және талдау жүргізу әдіснамасын әзірлеуге қатысу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

29. Еуразиялық экономикалық интеграция көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

30. Уәкілетті органдардың Комиссияға ресми статистикалық ақпаратты ұсыну көрсеткіштері мен форматтарының тізбесін жаңартып отыру

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Комиссия алқасының шешімі

31. Одақ статистикасын пайдаланушылардың қанағаттанушылығын бағалау

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

32. Одақ статистикасын (әкімшілік деректер, "үлкен деректер" және т. б.) қалыптастыру үшін жаңа ақпарат көздерін зерделеу және пайдалану

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

33. Одақ статистикасы көрсеткіштерінің тізбесі бойынша метадеректерді жаңартып отыру

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

34. Статистикалық жарияланымдардың сапасын арттыру

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

35. Ресми статистикалық ақпаратты тарату тәсілдерін жетілдіру

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

2. Тауарлардың ортақ нарығы

36. Тауарлармен сыртқы және өзара сауда статистикасының деректерін статистиканың басқа салаларының деректерімен және статистикалық тіркелімдердің деректерімен келісу негізінде интеграцияланған деректерді қалыптастырудың статистикалық практикасын кеңейту

уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

37. Тауарлармен сыртқы және өзара сауда жөніндегі мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратының және Одақ статистикасының серпінділік қатарларын біріздендіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 жыл

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

38. Одақтың тауарлармен сыртқы және өзара сауда жөніндегі статистикасы саласында ұсыныстар (тәсілдер) әзірлеу және қосылған құн бойынша пилоттық бағалау жүргізу

Комиссия

2022 – 2023 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама)

39. Тауарлармен өзара сауда статистикасын ұсыну тәртібін жетілдіру (оның ішінде мәліметтердің біріздендірілген жиынтығын қамтитын форматтар бойынша)

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 – 2023 жылдар

Комиссия алқасының шешімі

40. Тауарлармен сыртқы және өзара сауда статистикасын жүргізу кезінде мүше мемлекеттерде ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу

уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

3. Көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығы

41. Көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасының "айналы" статистикасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

42. Көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортының статистикасын қалыптастыру және тарату (трансшекаралық беру, шетелде тұтыну, басқа мемлекеттің аумағында жеке тұлғалардың болуы)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

43. Қызмет көрсету өндірісінің статистикасын қалыптастыру және тарату (басқа мемлекеттің аумағында заңды және жеке тұлғалардың коммерциялық болуы)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

44. Көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасы статистикасы жөніндегі ұсынымдар негізінде көрсетілетін қызметтер статистикасын (оның ішінде мәліметтердің біріздендірілген жиынтығын қамтитын форматтар бойынша) ұсыну тәртібін жетілдіру

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 – 2023 жылдар

Комиссия алқасының шешімі

4. Ортақ еңбек нарығы

45. Одақтағы еңбек нарығына кешенді талдауды қамтамасыз ететін статистикалық көрсеткіштер жүйесін дамыту

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2023 жылдар

Комитет отырысының хаттамасы

46. 2020 жылғы халық санағының қорытынды деректерін қалыптастыру

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

47. 2020 жылғы халық санағының қорытынды деректеріне қол жеткізу жүйесін қалыптастыру

Комиссия, уәкілетті органдар

2025 жыл

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

48. 2020 жылғы халық санағының қорытынды деректерін тарату мақсатында Одақ сайтын дамыту және толықтыру бойынша ұсыныстар дайындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2022 жылдар

Комитет отырысының хаттамасы

49. Одақтың ресми сайтында 2020 жылғы халық санағының қорытынды деректеріне қол жеткізу жүйесін құру

Комиссия

2023 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы сервис

50. 2020 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша деректерді ретроспективтік қайта есептеуді ескере отырып, Одақ статистикасын қалыптастыру және тарату

Комиссия

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

5. Ортақ капитал нарығы

51. Одақ статистикасының ішкі пайдаланушыларына Одақтың қаржы нарығы субъектілерінің тізбесі (бұдан әрі – қаржы ұйымдарының тіркелімі) бойынша статистикалық деректер базасына қолжетімділік ұсыну

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 жыл

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

52. Қаржы ұйымдары тіркелімінің негізінде қаржы нарығы субъектілері статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыруға көшу

Комиссия, уәкілетті органдар

2023 – 2025 жылдар

Комиссия алқасының шешімі
 

53. Одақтың статистикасын сыртқы пайдаланушыларға қаржы ұйымдарының тіркеліміне қолжетімділік ұсыну

Комиссия, уәкілетті органдар

2024 жыл

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

54. Одақ статистикасын пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қаржы нарығы субъектілерінің статистикасын және биржалық сауда статистикасын жетілдіру

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

6. Цифрлық экономика

55. Цифрлық экономиканың статистикалық көрсеткіштері жүйесін дамыту

Комиссия, уәкілетті органдар

2023 – 2025 жыл

Комитет отырысының хаттамасы

56. Одақтың және мүше мемлекеттердің цифрлық күн тәртібінің іске асырылуын сипаттайтын цифрлық экономиканың статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру және тарату

Комиссия, уәкілетті органдар

2023 – 2025 жыл

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

7. "Жасыл" экономика және қоршаған ортаны қорғау

57. "Жасыл" экономика және қоршаған ортаны қорғау статистикасы саласындағы мүше мемлекеттердің тәжірибесін және халықаралық тәжірибені зерделеу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2022 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

58. "Жасыл" экономиканың және қоршаған ортаны қорғаудың статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша консультациялар өткізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2022 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

59. "Жасыл" экономика және қоршаған ортаны қорғау статистикасын қалыптастыру және тарату

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

8. Орнықты даму саласындағы мақсаттар

60. Мүше мемлекеттердің орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу көрсеткіштерінің ұлттық тізбелерін әзірлеу және қалыптастыру жөніндегі тәжірибесін зерделеу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2022 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

61. Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу көрсеткіштерінің өңірлік тізбесін қалыптастыру бойынша консультациялар өткізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2022 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама)
 

62. Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу көрсеткіштерінің өңірлік тізбесін әзірлеу

Комиссия, уәкілетті органдар

2022 – 2023 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

63. Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді көрсететін Одақ статистикасын қалыптастыру және тарату

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

V. Бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру

64. Халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинарлар өткізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

65. Уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен тақырыптық семинарлар, кеңестер, тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізу

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама, ақпарат)

66. Тауарлармен өзара сауда саласындағы статистика деректерін салыстыру мәселелерін қарау мақсатында уәкілетті органдар өкілдерінің кездесулерін өткізу

уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп (хаттама)

67. Осы жоспарда көзделген іс-шараларды орындау қорытындыларын шығару

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

VI. Одақтағы статистикалық қызметтің құқықтық негізін дамыту

68. Метадеректер тіркелімін қолдану үшін құқықтық негізді айқындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2025 жыл

Комиссия Алқасының актісі

69. Метадеректер стандартын қолдану үшін құқықтық негізді айқындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2024 жыл

Комиссия Алқасының актісі

70. Комиссия Алқасына статистикалық сыныптамаларды бекіту құқығын беру үшін құқықтық негізді айқындау

Комиссия, уәкілетті органдар

2023 жыл

Одақ органыныңактісі

71. Мүше мемлекеттердің статистика саласындағы заңнамасын жетілдіру (қажеттілігіне қарай)

Комиссия, уәкілетті органдар

2021 – 2025 жылдар

Мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады