Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 254-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 62-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген Өздеріне қатысты арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттары тізбесі және оларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары 51-тармағының бірінші бөлігі "6 ай" деген сөзден кейін ", ал 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін әкелінген, көрсетілген тауарларға қатысты 12 ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |||
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А. Новиков | А. Оверчук |