1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 38 өкімімен бекітілген "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) жұмыс тобының құрамына мына адамдар енгізілсін:
Варданян | – | Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) (жұмыс тобының жетекшісі) |
Қазақстан Республикасынан | ||
---|---|---|
Жүнісов Райымбек Серікұлы | – | Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы |
Еуразиялық экономикалық комиссиядан | ||
Алексанян | – | Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) көмекшісі; |
б) жұмыс тобы мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:
Тимофеев | – | Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің тараптардағы халықаралық ынтымақтастық және шешімдердің орындалуын мониторингілеу бөлімінің кеңесшісі; |
в) Н.М. Қыдырова, К.А. Минасян, А.В. Петров және П.Н. Ткач жұмыс тобының құрамынан шығарылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук