Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы №1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру механизмдерінің 7-тармағы "а" тармақшасының, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 1 шешімінің 4-тармағы екінші абзацының негізінде және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 21 өкімімен бекітілген "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспарын орындау мақсатында:
1. "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже;
"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы | |
№ 38 шешімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 21 өкімімен бекітілген "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспарын (бұдан әрі – жоғары деңгейлі жоспар) орындау мақсатында әзірленген және "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – үйлестіру тобы, жоба) қызмет тәртібін белгілейді.
2. Үйлестіру тобы өз қызметінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерлі, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы №1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру механизмдерінде, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 8 шешімімен бекітілген "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасының паспортында және жоғары деңгейлі жоспарда айқындалған мәндерде қолданылады.
II. Үйлестіру тобының негізгі міндеттері
4. Үйлестіру тобының негізгі міндеттері:
а) жобаны басқару әдіснамасын айқындау;
б) жобалық қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
в) жобаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру және үйлестіру тобы айқындайтын нысанда және жоғары деңгейлі жоспарға сәйкес мерзімдерде жоба паспортына сәйкес жобаның іске асырылу барысы туралы есеп дайындау;
г) қажет болса, жоба құжаттарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау;
д) жобаға қатысушылар арасындағы проблемалы мәселелер мен келіспеушіліктерді қарау;
е) жобаны қабылдау-тапсыру сынақтарын, соның ішінде көрсетілетін қызметтердің сараптамасын ұйымдастыру;
ж) жобалық қызметті үйлестіруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыру.
III. Үйлестіру тобының жобаның іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі функциялары
5. Жобаның іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі қызметті үйлестіру тобы жобаның іс-шараларын орындаушымен (еуразиялық желі операторымен) өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
6. Жобаны іске асыру нәтижелерін мониторингтеу және талдау жоба паспортында көрсетілген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерден ауытқу орын алған жағдайда үйлестіру тобы жоба құжаттарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындап (негіздемемен бірге), өзге де үйлестіру іс-шараларын жүргізеді.
7. Жобаны іске асырудың жариялылығын және оны тәуелсіз мониторингтеуді қамтамасыз ету үшін Одақтың ресми сайтында жоба паспорты, жобаның іске асырылу барысы туралы есептер, орындаушы, консорциум туралы ақпарат, таралуы шектелген мәліметтерді немесе коммерциялық құпияны құрайтын материалдарды қоспағанда, өзге де ақпарат жарияланады.
8. Жобаның іске асырылуын мониторингтеу барысында үйлестіру тобы жылына 2 реттен сиретпей есептер (қорытынды есепті қоса алғанда) дайындап, Комиссия Кеңесінің қарауы үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жібереді. Есеп нысанын үйлестіру тобы айқындайды.
IV. Үйлестіру тобының құрамы мен қызметі
9. Үйлестіру тобының құрамы мен оның жетекшісін Комиссия Кеңесі бекітеді.
Үйлестіру тобының құрамына қосу үшін жобаға қатысушылардың қатарынан кандидатуралар ұсынылады.
Бұл ретте үйлестіру тобының құрамына Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) уәкілетті органдарының өкілдері міндетті түрде кіреді.
10. Үйлестіру тобының құрамы мен оның жетекшісі:
а) үйлестіру тобының қызметіне жетекшілік етеді және оған жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады;
б) үйлестіру тобының мүшелерімен келісу бойынша үйлестіру тобының отырыстарының өткізілетін күнін, уақыты мен жерін айқындайды;
в) үйлестіру тобы отырысының күн тәртібін бекітеді;
г) үйлестіру тобының отырыстарында төрағалық етеді;
д) үйлестіру тобы отырыстарының хаттамаларына (бұдан әрі – хаттама) қол қояды;
е) үйлестіру тобының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де іс-қимылды жүзеге асырады.
11. Үйлестіру тобы жетекшісінің орынбасарын үйлестіру тобының жетекшісі үйлестіру тобы мүшелерінің арасынан сайлайды.
12. Үйлестіру тобы жетекшісінің орынбасары үйлестіру тобының жетекшісі болмаған кезеңде осы Ереженің 10-тармағында көзделген үйлестіру тобы жетекшісінің функцияларын жүзеге асырады.
13. Үйлестіру тобының жауапты хатшысын оның жетекшісі Комиссия қызметкерлерінің арасынан тағайындайды, бұл оның бірінші отырысында хаттамада ресімделеді.
14. Үйлестіру тобының жауапты хатшысы:
а) үйлестіру тобы отырысының күн тәртібінің жобасын дайындауды, сондай-ақ оны үйлестіру тобының жетекшісіне (жетекшісінің орынбасарына) бекітуге ұсынуды;
б) отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде 10 күн қалғанда үйлестіру тобы отырысының күн тәртібі мен оған материалдарды, сондай-ақ отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен жері туралы ақпаратты үйлестіру тобының мүшелеріне (соның ішінде электронды түрде) жіберуді;
в) хаттамаларды жүргізуді, оларды үйлестіру тобының жетекшісіне (жетекшісінің орынбасарына) қол қоюға ұсынуды және хаттамалардың көшірмелерін үйлестіру тобының мүшелеріне жіберуді;
г) үйлестіру тобының отырыстарына материалдардың дайындалуы мен ұсынылуын бақылауды;
д) егер үйлестіру тобы жобаны іске асыру мәселелеріне қатысты Комиссия актісінің жобасын әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылдаса, материалдар дайындауды;
е) хаттамаларда қамтылған шешімдердің орындалуын бақылауды.
V. Үйлестіру тобының жұмыс тәртібі
15. Үйлестіру тобы отырысының күн тәртібі үйлестіру тобының жетекшісі мен мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
16. Мүше мемлекеттердің жобаны іске асыруға жауапты уәкілетті органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша не үйлестіру тобы жетекшісінің шақыруымен оның отырыстарына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, ұлттық компоненттердің операторлары, мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қаралып отырған мәселелер құзыретіне жататын өзге де тәуелсіз сарапшылар қатысуы мүмкін.
Үйлестіру тобы жетекшісінің шақыруымен оның отырыстарына үйлестіру тобына мүше болып табылмайтын басқа тұлғалар қатысуы мүмкін.
17. Үйлестіру тобының отырыстарына Мүше мемлекеттердің шақырылған өкілдерінің қатысуына байланысты шығыстарды оларды жіберетін ұйымдар мен тұлғалар көтереді.
18. Үйлестіру тобының шешімдері консенсуспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
Әр мүше мемлекеттен дауыс беру құқығы осындай мүше мемлекеттің уәкілетті органының өкіліне, ал ол болмаған кезде – ұлттық оператордың өкіліне беріледі.
19. Үйлестіру тобының жауапты хатшысы үйлестіру тобының отырыстары өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей үйлестіру тобының мүшелеріне хаттаманың көшірмелерін жіберуді қамтамасыз етеді.
20. Хаттамалар мен үйлестіру тобының қызметіне қатысты өзге де құжаттар үйлестіру тобының жауапты хатшысында сақталады.
21. Үйлестіру тобының қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы | |
№ 38 шешімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Минасян | – | Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқасының мүшесі (Министр) (жұмыс тобының жетекшісі) |
Армения Республикасынан | ||
---|---|---|
Григорян | – | "Инвестицияларды қолдау орталығы қорының атқарушы директоры |
Еганян | – | Армения Республикасының Экономика министрлігі Өнеркәсіптік саясат басқармасының бастығы |
Паранян | – | Армения Республикасының Экономика министрлігі Өнеркәсіптік саясат басқармасының бас маманы |
Беларусь Республикасынан | ||
Арушаньянц | – | Беларусь кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қорының бас директоры |
Горбач | – | Беларусь кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры бас директорының бірінші орынбасары |
Калиновский | – | Беларусь Республикасының Экономика министрлігі Кәсіпкерлік департаменті директорының орынбасары |
Кучук | – | Беларусь кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы |
Чеботарь | – | Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Қазақстан Республикасынан | ||
Бекенов | – | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының ақпараттық технологиялар дирекциясы басшысының орынбасары |
Жолдыбаев | – | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының жергілікті қамтуды дамыту және мониторингтеу дирекциясының басшысы |
Жапарқұлов | – | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық басқармасының басшысы |
Карбенов | – | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының экономикалық интеграция дирекциясының бас сарапшысы |
Қыдырова | – | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Жергілікті қамтуды дамыту басқармасының басшысы |
Сейдуманов | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Экономикалық интеграция департаменті Индустриялық-инновациялық ынтымақтастық басқармасының басшысы |
Қырғыз Республикасынан | ||
Борончиев | – | Қырғыз Республикасы Мемлекеттік өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану комитеті Машина жасау, металлургия және құрылыс материалдары басқармасының бастығы |
Бегалиев | – | Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістерді болжау басқармасы ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимыл секторының меңгерушісі |
Касымбек қызы | – | Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі ЕАЭО үйлестіру басқармасы ЕАЭО-мен жұмыс бөлімінің маманы |
Кулов | – | Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "жалғыз терезе" орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының талдамалық бөлімінің меңгерушісі |
Малабаев | – | Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ақпараттық технологиялар және байланыс комитеті жобаларды іске асыру бөлімінің маманы |
Мустапакулова | – | Қырғыз Республикасы Мемлекеттік зияткерлік меншік және инновациялар қызметі инновациялар бөлімінің бас маманы |
Ресей Федерациясынан | ||
Бехтерев | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіпті дамыту қоры Кооперация және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлігінде өнеркәсіптің мемлекеттік ақпараттық жүйесін дамыту департаментінің басшысы |
ДождҰв | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Цифрлық технологиялар департаментінің директоры |
Ивлев | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіпті дамыту қоры Өнеркәсіптің мемлекеттік ақпараттық жүйесін дамыту басқармасының жобалар басшысы |
Красноруженко | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Стратегиялық даму және корпоративтік саясат департаменті өнеркәсіптік саясаттың іске асырылуын әдіснамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары |
Мельников | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Стратегиялық даму және корпоративтік саясат департаменті корпоративтік бақылау бөлімінің бастығы |
СемҰнов | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Цифрлық технологиялар департаменті цифрлық технологиялар бағдарламаларын әзірлеу бөлімінің кеңесшісі |
УчҰнов | – | Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Стратегиялық даму және корпоративтік саясат департаментінің директоры |
Еуразиялық экономикалық комиссиядан | ||
Абарбекова | – | Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары |
Алисова | – | Өнеркәсіптік саясат департаменті өнеркәсіптік саясат, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар бөлімінің кеңесшісі |
Гавричев | – | Кедендік инфрақұрылым департаменті кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі бастығының орынбасары |
Галанаматис | – | Кедендік инфрақұрылым департаменті кедендік ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы |
Гриднев | – | Алқа Төрағасының көмекшісі |
Жетписова | – | Алқа Төрағасының көмекшісі |
Измайлова | – | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті зияткерлік меншікті құқықтық қорғау бөлімінің бастығы |
Кандрашин | – | Бәсекелік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бәсеке, құқықтық қамтамасыз ету және әдіснама бөлімі бастығының орынбасары |
Колиев | – | Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқа мүшесі (Министр) хатшылығының консультанты |
Кушниренко | – | Сауда саясаты департаменті секторлық ынтымақтастықтың жүйелі шарттары бөлімінің бастығы |
Мекшун | – | Сауда саясаты департаменті саудадағы реттеудің арнайы мәселелері бөлімінің бас маманы – сарапшысы |
Омуралиев | – | |
Павлюк | – | Көлік және инфрақұрылым департаменті инфрақұрылым бөлімі бастығының орынбасары |
Петров | – | Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) көмекшісі |
Реутов | – | Көлік және инфрақұрылым департаменті табиғи монополиялар бөлімінің бастығы |
Тигранян | – | Алқа Төрағасының көмекшісі |
Тимофеев | – | Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті техникалық реттеу және стандарттау бөлімінің бас маманы – сарапшысы |
Ткач | – | Алқа Төрағасының көмекшісі |
Шумилин | – | Өнеркәсіптік саясат департаменті өнеркәсіптік саясат, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар бөлімінің бастығы |