Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 18 өкімін іске асыру мақсатында:
1. Ресей Федерациясынан Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті ақпараттық ресурсы пайдалануға берілгенге дейін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында өнеркәсіптің мемлекеттік ақпараттық жүйесі платформасында Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп тауарларының Еуразиялық тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізуін ұйымдастыру сұралсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы:
Ресей Федерациясының Индустрия және сауда министрлігімен бірге тізілімді жүргізу саласындағы ынтымақтастық туралы, соның ішінде тізіліммен жұмыс істеу регламентін айқындауды көздейтін келісім жасасу бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
тізілімді жүргізу үшін жеке өзінің ақпараттық ресурсын 2021 жылғы 1 шілдеге дейін әзірлесін және пайдалануға берсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов А.Новиков А.Оверчук