Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 1 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру механизмдеріне сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      Қосымшаға сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз
Республик
асынан
 

Ресей
Федерациясынан

 


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
ҚОСЫМША 

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 2 шешімінің 3-тармағының үшінші абзацындағы "2019 – 2020 жылдары" деген сөздер "2020 – 2021 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 8 Шешімімен бекітілген "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасының паспорты мынадай редакцияда жазылсын:

 
  "Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы
  № 8 Шешімімен
  БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы
  № 1 шешімінің редакциясында)

"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар
трансфері желісі" жобасының
ПАСПОРТЫ

Бөлім

Мазмұны

1. Жобаның атауы

Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі (бұдан әрі – Еуразиялық желі)
 

2. Жобаның мақсаты және негізгі нәтижелері

жобаның мақсаттары мыналар болып табылады:
өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер, шаруашылық жүргізуші субъектілер) өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе құру;
шағын және орта кәсіпорындарды ірі өндірушілердің өндірістік тізбегіне тарту;
мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және мемлекеттік билік органдарының "өтпелі" процестер мен цифрлық сервистердегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
өндірістік тізбектерді модельдеу және өндірістік қуаттарды оңтайлы іске қосу;
инновациялық процестерді технологиялар трансфері арқылы ынталандыру;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнімінін мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің халықаралық цифрлық экожүйелерін пайдалана отырып ілгерілету мүмкіндігі.
Жобаны іске асыру нәтижесінде мүше мемлекеттердің аумақ бойынша бөлінген сервистер жиынтығына, оның ішінде евразиялық желінің ұлттық компоненттерінің (бұдан әрі – ұлттық компонент) өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері сервистерін тарту есебінен қолжетімділік және шаруашылық жүргізу қызметін жүргізу үшін қажетті және өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансферін қолдауды қамтамасыз ететін шоғырландырылған көлемді ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Еуразиялық желі құру мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кросс-салалық процестерді жүргізу және мүше мемлекеттердің аумақтарында шаруашылық жүргізуші субъектілерді цифрлық кооперациялауға қолдау көрсету құралдарын пайдалану кезінде бірлескен міндеттерді шешуі процесінде синергетикалық әсерге қол жеткізуді, цифрлық күн тәртібіне бизнесті тартуды кеңейтуді және цифрлық айырмашылықты еңсеруді, сондай-ақ қолайлы іскерлік ортаны дамытуды көздейді.
Жобаның негізгі нәтижелері мыналар болып табылады:
жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейдегі жоспарын орындау;
еуразиялық желінің базалық және интеграциялық компоненттерін (бұдан әрі – интеграциялық компонент) құру.
Мынадай еуразиялық желі сервистері қосылуға тиіс.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмысы жөніндегі базалық сервистер:
еуразиялық желінің шаруашылық жүргізуші субъектілері тізіліміне шаруашылық жүргізуші субъектілер туралы мәліметтерді енгізу, верификациялау және іздестіру;
ақпараттық ресурстарға өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар, сондай-ақ оларға сұраныс туралы мәліметтерді енгізу, верификациялау және іздестіру.
Базалық талдамалық сервистер:
мүше мемлекеттерде көп қырлы талдау мүмкіндігі бар өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансферіне талдау жасау және мониторингтеу сервистері;
индустриялық-инновациялық объектілер мен олардың инфрақұрылымы туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету ("Өнеркәсіп атласы") геоақпараттық сервисі);
өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері туралы білім базасы (wiki).
 
Ұлттық сервистер:
Технологиялық сұрау салулар мен технологиялық ұсыныстар қалыптастыру жөніндегі технологиялар трансфері сервистері;
өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау жөніндегі бағыттаушы сервис;
өнеркәсіп өнімін сертификаттау және омологациялау бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде өндірістік объектілерді стандарттау бойынша көрсетілетін қызметтерді іздестіру және оларға тапсырыс беру сервисі.
 
Сервис-провайдерлер сервистері:
таңдап алынған субконтрактация тізбегі бойынша келісімшарттар жасасу сервисі;
кооперациялық тізбектер құру сервисі;
банктік сүйемелдеу сервисі;
келісімшарттың орындалуын бақылау сервисі;
көліктік-логистикалық сүйемелдеу сервистері;
қаржылық қызметтер мен сақтандыру қызметтерінің маркетплейсі;
салалық және халықаралық бенчмаркинг;
заңдық тұрғыдан маңызды құжат айналымы, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында деректер алмасу (EDI);
портфельдік инвесторды сүйемелдеу, контрагентті іздестіру және индустриялық жобаларға инвестиция салу туралы шарттарды жасасу сервисі;
смарт-келісімшарттар жасасу мүмкіндігін беру жөніндегі сервис;
кепілді тапсырысты қамтамасыз ету сервисі;
өндіріс алаңын, жабдық пен мүлікті жалға алу сервисі.
Ұлттық компонент операторының және (немесе) ұлттық сервис-провайдердің нақты сервисті ұсыну туралы шешімі ұлттық деңгейде қабылданады.
 

3. Нысаналы индикаторлар және жобаның нәтижелілігінің көрсеткіштері

Мынадай нысаналы индикаторлар мен базалық сценарий бойынша жобаның нәтижелілік көрсеткіштеріне қол жеткізілуге тиіс.
 
Еуразиялық желінің шаруашылық жүргізуші субъектілері тізіліміне енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілер саны (базалық сценарий):
I кезең (2020 ж. I – IV тоқсандары) – 17,3 мың шаруашылық жүргізуші субъект;
II кезең (2021 ж. I – IV тоқсандары) – 64,3 мың шаруашылық жүргізуші субъект;
2025 жылы – 134,7 мың шаруашылық жүргізуші субъект.
Ақпараттық ресурстардағы өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар бірліктерінің саны (өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар туралы, сондай-ақ оларға сұраныс туралы мәліметтер) (базалық сценарий):
I кезең (2020 ж. I – IV тоқсандары) – 35,0 мың бірлік;
II кезең (2021 ж. I – IV тоқсандары) – 128,3 мың бірлік;
2025 жылы – 258,6 мың бірлік.
 
Мүше мемлекеттер, мүше мемлекеттер мен еуразиялық желіге кіру перспективасы бар үшінші елдер арасында трансшекаралық сауда шеңберінде жасалған келісімшарттар саны – Германия, Қытай, Сингапур:

Сценарий

Келісімшарттар саны (дана)

I кезең

II кезең

2025 жыл

Базалық

148

1 501

2 562





Мүше мемлекеттер, мүше мемлекеттер мен еуразиялық желіге кіру перспективасы бар үшінші елдер арасында трансшекаралық сауда шеңберінде жасалған мәмілелер көлемі – Германия, Қытай, Сингапур (еуразиялық желіге қосылу есебінен айналым өсімін есепке ала отырып):
 

Сценарий

Мәмілелер көлемі (млн рубль)

I кезең

II кезең

2025 жыл

Базалық

3 780,0

38 616,3

78 117,2





 

4. Жоба шеңберлері

Жоба шеңберінде құрылатын еуразиялық желі өнеркәсіптік кооперацияны, субконтрактацияны және технологиялар трансферін жүзеге асыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етуге арналған.
Осы мақсатта:
шаруашылық жүргізуші субъектілер тізілімі, сондай-ақ өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар туралы, сондай-ақ оларға сұраныс туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстар кіретін еуразиялық желінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру;
өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактация шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара іс-қимылын цифрландыру және қажет болған кезде олардың реинжинирингі;
технологиялар трансфері процестерін цифрландыру және қажет болған кезде олардың реинжинирингі;
өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері процестерін (атап айтқанда қаржылық) цифрландыру;
өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара іс-қимылы туралы ақпаратты мониторингтеу және талдау құралдарын жасау көзделеді.
Еуразиялық желі сонымен бірге өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері процестерін цифрландыруды қамтамасыз ететін ұлттық компоненттердің функционалдық сервистеріне қолжетімділік беретін болады. Кейіннен еуразиялық желі өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері процестерімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық, логистикалық, кедендік және өзге де қызметтерді ұсынатын сервистерді қосу арқылы кеңейтілуі және жетілдірілуі мүмкін.
Еуразиялық желі үшінші елдердің сервистері, сервис-провайдерлері, ұлттық компоненттері деңгейінде үшінші елдерден қатысушылармен өзара іс-қимыл және интеграция тетіктерін, сондай-ақ үшінші елдердің цифрлық платформаларымен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін көздейтін болады.
Жоба шеңберінде:
үшінші елдердің сервистері, сервис-провайдерлері, ұлттық компоненттері деңгейінде үшінші елдерден қатысушылармен өзара іс-қимыл мен интеграцияны іс жүзінде іске асыру;
әскери-техникалық ынтымақтастыққа, мемлекеттік құпияға немесе таралуы шектеулі мәліметтерге жататын мәселелер бойынша кооперация;
еуразиялық желінің интеграциялық компонентінде дербес деректерді өңдеу және сақтау;
ұлттық деңгейдегі сервистерді қосқан кезде ұлттық компоненттер операторларының қызметін регламенттеу көзделмеген.
Электрондық құжаттардың заңдық тұрғыдан маңыздылығын қамтамасыз етуді мүше мемлекеттердің заңнамасы және Одақ құқығы шеңберінде сервис-провайдерлер іске асырады.
 

5. Рұқсаттар, шектеулер, тәуекелдер

тәуекелдер:
еуразиялық желінің экожүйелік байланыстарының тұрақсыздығы;
бағдарламалық-техникалық құралдардың және инфрақұрылым объектілерін сатып алудың (жалға алудың) қымбаттауына байланысты экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер;
мүше мемлекеттердің электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тануы туралы шешімдердің ұзақ уақыт болмау тәуекелдері;
қаржылық тәуекелдер;
салықтық тәуекелдер;
кедендік-тарифтік реттеу тәуекелдері;
саяси тәуекелдер.
Шектеулер:
мүше мемлекеттер тарапынан қаржылық және әкімшілік қолдаудың қажеттігі;
оларды үйлестіру қажеттігін және іске асыруда ықтимал кешігуді ескере отырып, басқа да еуразиялық цифрлық бастамалармен және Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асырумен байланысты болуы
 

6.  Жобаны іске асыру мерзімдері

бірінші кезең: 2020 ж. I – IV тоқсандары;
екінші кезең: 2021 ж. I – IV тоқсандары
 

7. Жобаға қатысушылардың рөлдері мен жауапкершілігін бөлу

еуразиялық желіге қатысушылар:
Комиссия;
желі операторы;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары;
еуразиялық желінің ұлттық компоненттерінің операторлары;
сервис-провайдерлер;
субконтрактация және технологиялар трансфері орталықтары;
шаруашылық жүргізуші субъектілер.
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері саласындағы уәкілетті органдары:
Армения Республикасы – Армения Республикасының Экономика министрлігі
Беларусь Республикасы – Беларусь Республикасының Экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасы – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қырғыз Республикасы – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану комитеті;
Ресей Федерациясы – Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі.
Ұлттық компоненттер операторлары:
Армения Республикасы – "Инвестицияларды қолдау орталығы" қоры;
Беларусь Республикасы – Беларусияның Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры;
Қазақстан Республикасы – "Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;
Қырғыз Республикасы – Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "Жалғыз терезе" орталығы" мемлекеттік кәсіпорны;
Ресей Федерациясы – "Ресейдің технологиялық даму қоры" федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі
 

8. Жоба бойынша ұсынымдар

Мониторинг жүргізу жөніндегі негізгі қызметті жобаны үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – үйлестіру тобы) желі операторымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Мониторинг барысында мына есептер жасалады:
Одақ органдарына ұсынылатын тоқсан сайынғы есептілік;
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілуі бағаланған, жобаны іске асыру туралы қорытынды есеп;
үйлестіру тобының сұрау салулары бойынша есептер;
ұлттық компоненттер мен сервис-провайдерлер операторларының желі операторына берілетін есептілігі
 

9. Меншік құқығы

еуразиялық желінің базалық және интеграциялық компоненттерінің құқық иеленушісі Комиссия болып табылады.
Ұлттық компоненттерге құқықтарды регламенттеу мүше мемлекеттердің құзырында болады. Сервистерге құқықтар сервис-провайдерлерге тиесілі.
 

10. Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Мына көздерден жобаны қаржыландыру көзделген (мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері пайдаланыла отырып):
Одақтың интеграцияландырылған ақпараттық жүйесін құруға, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуге көзделген Одақ бюджетінің қаражаты (Комиссия іске асыратын іс-шаралар бөлігінде), Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға арналған шығыстар шеңберінде 150,80 млн рубльге дейінгі көлемде: 2020 жылы – 95,94 млн рубльге дейін, 2021 жылы – 54,86 млн рубльге дейін;
мүше мемлекеттер бюджеттерінің және (немесе) мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес тартылатын өзге де қаржыландыру көздерінің қаражаты – 65,19 млн рубльге дейін (шамамен);
сервис-провайдерлердің қаражаты – 372,00 млн рубль (шамамен).
Қаржылық үлгіге жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейдегі жоспарының негізгі іс-шараларын іске асыру кірген, оның ішінде:
пайдаланушылардың сервистерін құру мен қосу бойынша әмбебап платформалық шешім болып табылатын еуразиялық желінің базалық компонентін құру (70,00 млн рубльге дейін).
Мүше мемлекеттің сұрау салуы бойынша еуразиялық желінің базалық компоненті толыққанды жұмыс істейтін ұлттық компонент ретінде қосу үшін лицензиялық келісім бойынша мүше мемлекетке қайтарымсыз негізде берілуі мүмкін;
Комиссияның жалпы сервистері мен еуразиялық желі компоненттерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық сервистерді қамтитын интеграциялық компонент құру
(50,52 млн рубльге дейін);
ұлттық компоненттерді қосу (30,28 млн рубльге дейін: Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының ұлттық компоненттерін қосу үшін 7,57 млн рубльден).
мүше мемлекеттер бюджеттерінің және (немесе) мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес тартылатын өзге де қаржыландыру көздерінің қаражаты (65,19 млн рубльге дейін) қазір жұмыс істеп тұрған және құрылатын ұлттық компоненттер сервистерін дамытуға және еуразиялық желіге қосуға, оның ішінде мүше мемлекеттер бойынша (рубльмен баламада бағалауға сәйкес):
Армения Республикасы – 7,63 млн рубльге дейін (шамамен);
Беларусь Республикасы – 21,87 млн рубльге дейін (шамамен);
Қазақстан Республикасы – 8,00 млн рубльге дейін (шамамен);
Қырғыз Республикасы – 4,73 млн рубльге дейін (шамамен);
Ресей Федерациясы – 22,96 млн рубльге дейін (шамамен).
 
Ұлттық деңгейде қаржыландырудың орындылығы, көлемдері мен мерзімдері туралы шешімдерді мүше мемлекеттер өз заңнамасына сәйкес қабылдайды.
Сервис-провайдерлердің ұлттық компоненттердің коммерциялық сервистерін дамытуға және оларды еуразиялық желіге интеграциялауға арналған қаражаты, сондай-ақ еуразиялық желіге қатысушылар арасында операциялар жасауға арналған сауда алаңдарының жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге арналған қаражаты – 372,00 млн рубль (шамамен)".

      _______________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады