Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы қаңтардағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 11 қазандағы № 138 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін күшіне енгізу тәртібінің IV бөлімінің төртінші абзацындағы "өндіріс және айналысқа шығару" деген сөздер "өндіріс және (немесе) айналысқа шығару" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 12 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады