2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2309 90 960 9 кодымен сыныпталатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жекелеген өнімдерге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 3 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2309 90 960 9 коды бар позиция төртінші графада "45С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 45С ескертпесімен толықтырылсын:
"45С) Кедендік құннан 3 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы №142 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022.31.12. дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 2 қаңтардан кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М.Мясникович |