"Ақылды қол" электрондық құрылғысын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 188 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Шарикті қалам түрінде берілетін, корпусында сканерлейтін оптикалық бергіш, сымсыз қосу модулы (Bluetooth), жад модулы, аккумуляторлық батарея, сиясы бар шарикті өзек, осы құрылғы арнаулы қағазда жазған (салған) мәтінді (бейнені) сканерлеуге және сақталған ақпаратты сымсыз желі бойынша ұштасқан мобильді құрылғыларға (смартфон, планшет, дербес компьютар) беру мүмкіндігімен құрылғының жад модулының цифрлық форматында сақтауға арналған жарықдиодты индикатор орналасқан "ақылды қол" электрондық құрылғысы Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8471 60 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады