Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 196 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 17-тармағына және 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы "Өздеріне қатысты арнаулы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санатына өзгерістер енгізу және оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру жағдайлары туралы және 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасын ұйымдастыру мен өткізу мақсатында тауарлар әкелудің (әкетудің) кейбір мәселелері туралы" № 147 шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 196 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен беітілген Тауарларды алып өтудің ерекшеліктері сыныптауышында (2-қосымша) 099 коды бар позиция "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген тауарға арналған декларацияның және транзиттік декларацияның құрылымы мен форматының 3-кестесінде алтыншы графадағы 8-позиция "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 191 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу бағамдалған тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматының 10-кестесінде жетінші графадағы 13.6-позиция "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 192 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу бағамдалған тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматының 10-кестесінде жетінші графадағы 13.6-позиция "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 193 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелу бағамдалған тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматының 10-кестесінде жетінші графадағы 12.5-позиция "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 194 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелу бағамдалған тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматының 10-кестесінде жетінші графадағы 12.5-позиция "2020 жылғы UEFA" деген сөздерден кейін ", 2021/2022 маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады