Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 101 шешіміне ҚОСЫМША |
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына №1 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Бірінші графаның атауы мынадай редакцияда жазылсын: "ЕАЭО СЭҚ ТН коды".
2. IV бөлімдегі "9410-нан, Офистерге арналған ағаш жиһаз 9403 30-дан" позициясында бірінші графадағы "9410-нан"деген сөздер "9401-ден" сөздермен ауыстырылсын.
3. V бөлімдегі "Өзге де өздігінен жүретін бір ожаулы фронтал тиеуіш 8429 51-ден"позициясында екінші графадағы үшінші абзацтағы "7-ден кем" сөздері "кем дегенде 7" сөздермен ауыстырылсын.
4. IХ бөлімдегі "8537-ден Жиынтықты трансформаторлық шағын станция (ЖТШ), блокты-модулды трансформаторлық шағын станция (БЖТШ)" позициясындағы бірінші графадағы (8537-ден" деген сөздер "8504-тен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 5-сілтемеде он бірінші абзацтағы "3210-нан" деген сөздер "3210 00-ден" сөздермен ауыстырылсын.