Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 10, 11 және 131-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 68-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | А. Смайылов | А. Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 135 шешіміне ҚОСЫМША |
Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібіне енгізілетін өзгерістер
1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәртіп Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 19 қосымша) 10, 11 және 131-тармақтарына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) оны Еуразиялық экономикалық одақ мүше 2 және одан да көп мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау кезінде қолданады, сондай-қ бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтату қажеттігі туралы және (немесе) осындай бұзушылық белгілерінің туындауына ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы және осындай әрекеттердің (әрекетсіздіктің) салдарларын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ескерту (бұдан әрі – ескерту) берілген кезде қолданады.".
2. Мынадай мазмұндағы 1312 – 1323 тармақтармен толықтырылсын:
"1312. Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі осы Тәртіптің 14-тармағында көзделген ұйғарымдардың бірін шығарар алдында, сондай-ақ ескерту берілгенге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалауды жүргізеді.
Тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген бағалау нәтижелерін ескере отырып, Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлері негізінде осы тауар нарығындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу туралы мәселені Комиссияның құзыретіне жатқызу мүмкіндігін айқындайды.
Осы мақсаттарда Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі талдамалық есеп дайындайды, онда көрсетілген критерийлерге сәйкес тауар нарығын трансшекаралық нарыққа жатқызу (енгізбеу) туралы дәлелді тұжырымдар көрсетіледі.
Тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізілген кезде өтінішті (материалдарды) қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бірақ 90 жұмыс күнінен аспайды, ол туралы тиісті ұйғарым шығарылады.
Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындайды, ол өтінішті (материалдарды) қарау жөніндегі материалдарға қоса тіркеледі және олардың ажырамас бөлігі болып табылады.
1313. Өтінішті (материалдарды) қарау кезінде комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардан немесе мүше мемлекеттердің ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
1314. Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (Шартқа № 19 қосымша) 132-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың 76-бабын бұзу белгілері анықталған кезде тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізу аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі ескерту жобасын дайындайды және хабардар ету тәртібімен 1 жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органдарға жібереді.
Уәкілетті органдар ескерту жобасын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда Комиссияға консультациялар жүргізу туралы хабарлама жібереді.
Ескерту беру және онда көрсетілген талаптарды және (немесе) шараларды орындау мерзіміне өтінішті (материалдарды) қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, ол туралы тиісті ұйғарым шығарылады.
1315. Қажет болған кезде не уәкілетті органдардың бастамасы бойынша Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі ескерту беру туралы мәселені қарау кезінде уәкілетті органдардың, өтініш берушінің және (немесе) іс-қимылына қатысты өтініш (материалдар) берілген адамның қатысуымен консультациялар өткізуге құқылы.
Құпия ақпаратты берген тұлғаның мұндай ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне жазбаша келісім беру және оны консультациялар жүргізу кезінде пайдалану жағдайын қоспағанда, консультациялар өткізу кезінде құпия ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.
Консультациялар өткізу шеңберінде қаралуы жоспарланған материалдарда құпия ақпарат болмаған кезде өтініш беруші және (немесе) іс-қимылына қатысты өтініш (материалдар) берілген адам бейне-конференц-байланыс арқылы консультацияларға қатыса алады. Құпия ақпарат болған жағдайда консультациялар тікелей қатысу форматында жүргізіледі.
Консультациялар жүргізу кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері хаттама жүргізеді, онда қаралатын (талқыланатын) мәселелер бойынша консультацияларға қатысушылардың позициялары міндетті түрде көрсетіледі.
Консультациялар хаттамасына Комиссияның консультациялар жүргізген уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы қол қояды және өтінішті (материалдарды) қарау жөніндегі материалдарға қоса тіркеледі. Консультациялар хаттамалары өтінішті (материалдарды) қарау жөніндегі материалдардың ажырамас бөлігі болып табылады.
1316. Ескерту жазбаша түрде ресімделеді, оған Комиссия Алқасының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі қол қояды және онда мыналар:
1) жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты және тіркелген жерінің мекенжайы;
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерінің мекенжайы;
2) ескерту беру негіздері;
3) Комиссияның пікірі бойынша тұлғаның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) сипаттамасы, сондай-ақ Шарттың 76-бабының ережелері;
4) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтату қажеттігі туралы талап және (немесе) осындай бұзушылық белгілерінің туындауына ықпал еткен себептер мен шарттарды және осындай әрекеттердің (әрекетсіздіктің) салдарларын жою үшін тұлға жүзеге асыруы қажет талаптардың және (немесе) шаралардың тізбесі көрсетілуге тиіс;
5) ескертуде көрсетілген талаптарды және (немесе) шараларды орындау мерзімі;
6) Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесін ескертудің орындалуы туралы хабардар ету туралы талап қамтылуға тиіс.
1317. Ескертуде көрсетілген талаптарды және (немесе) шараларды орындау мерзімі оларды орындау үшін қажетті уақытты ескере отырып, оңтайлылық қағидаты негізге алына отырып айқындалуға тиіс.
Көрсетілген мерзім ескерту берілген адамға тапсырылған күннен бастап кемінде 10 жұмыс күнін құрауы тиіс.
1318. Ескерту берілген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі басшысының (ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адамның) қолы қойылған тапсыру туралы хабарламасы бар ілеспе хатпен бірге беріледі.
Ескертудің көшірмесі Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі басшысының (ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адамның) қолы қойылған ілеспе хатпен уәкілетті органдарға мәлімет үшін бір мезгілде жіберіледі.
1319. Ескерту берілген тұлға, егер ескерту жеке өзіне, оның заңды өкіліне не хат-хабар алуға уәкілетті қызметкерге тапсырылса, тиісті түрде хабарланған болып есептеледі.
Егер:
адресат ескерту алудан бас тартса және бұл бас тартуды пошта байланысы ұйымы тіркесе;
пошта хабарламасына қарамастан, адресат ескерту алуға келмесе, бұл туралы пошта байланысы ұйымы Комиссияға хабарласа;
көрсетілген мекенжай бойынша адресаттың болмауына байланысты ескерту берілмесе, бұл туралы пошта байланысы ұйымы Комиссияға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарласа ескерту берілген тұлға тиісті түрде хабардар етілген болып саналады.
Ескерту берілген адамның тұрған жерінің мекенжайы белгісіз болған жағдайда, ескерту берілген адамның орналасқан жерінің соңғы белгілі мекенжайы бойынша хабарлама жіберу тиісті хабарлау болып есептеледі.
Ескерту берілген тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген жағдайда, мұндай тұлға бұл туралы Комиссияны хабардар етуі қажет.
1320. Ескерту берілген тұлға ескертуде көрсетілген талаптарды және (немесе) шараларды орындау мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішхатты белгіленген мерзім аяқталатын күннен кешіктірмей Комиссияның атына жіберуге құқылы.
Ескерту берілген тұлғаның дәлелді өтінішхаты бойынша және белгіленген мерзімде ескертуде көрсетілген талаптар және (немесе) шаралар орындалмайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде көрсетілген мерзімді Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі ұзартуы мүмкін.
Ескертуде көрсетілген талаптарды және (немесе) шараларды орындау мерзімін ұзарту оған Комиссия Алқасының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі ескерту берілген тұлғаның дәлелді өтінішхатын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтінішхатты қанағаттандыру (өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту) негіздерінің болуын және жеткіліктілігін бағалау мақсатында оны қарайды.
Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша ескертуде көрсетілген талаптарды және (немесе) шараларды орындаудың белгіленген мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы ұйғарымның жобасын және оны орындау мерзімдерін ұзарту бөлігінде ескертуге енгізілетін өзгерістердің жобасын не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымның жобасын дайындайды және оларды Комиссия Алқасының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесіне ұсынады.
Комиссия Алқасының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі ұйғарымның жобасы ұсынылған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде материалдарды қарайды және:
талаптарды және (немесе) онда көрсетілген шараларды орындаудың жаңа мерзімі белгіленген ескерту бере отырып, өтінішхатты қанағаттандыру туралы;
өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Ұйғарым (оның ішінде жаңа мерзім белгіленген ескерту) ол шығарылған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде тапсыру туралы хабарламасы бар Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі басшысының (ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адамның) қолы қойылған ілеспе хатпен бірге ескерту берілген тұлғаға жіберіледі.
1321. Ескерту берілген тұлға оны онда көрсетілген мерзімде қарауға міндетті.
Ескерту берілген тұлға белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап
3 жұмыс күні ішінде ескертуде көрсетілген талаптардың және (немесе) шаралардың орындалғаны туралы Комиссияға хабарлайды (ескертуге ескертуде көрсетілген талаптардың және (немесе) шаралардың орындалғанын растайтын материалдар (құжаттар, мәліметтер, ақпарат) қоса берілуге тиіс).
Ескерту берілген тұлға онда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін берілген ескертумен келіспейтіні туралы Комиссияны хабардар етуге құқылы (мұндай хабарлама комиссияның мекенжайына жазбаша түрде жіберіледі).
1322. Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі ескертуде көрсетілген талаптардың және (немесе) шаралардың орындалуы туралы хабарламаны алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұсынылған ақпараттың анықтығын, оның ішінде өтініш берушіге және қажет болған кезде уәкілетті органдарға тиісті сұрау салулар жіберу арқылы тексереді және орындалу фактісі расталған жағдайда өтінішті (материалдарды) қарауды қайта бастау туралы және ескертуді орындауға байланысты өтінішті (материалдарды) қарауды тоқтату туралы ұйғарымдар шығарады.
1323. Ескертуде көрсетілген талаптар және (немесе) шаралар белгіленген мерзімде толық көлемде орындалмаған жағдайда, осы мерзім өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтінішті (материалдарды) қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарылады.".
3. 14-тармақ мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақшалармен толықтырылсын:
"5) өтінішті (материалдарды) қарауды қайта бастау туралы;
6) ескертуде көрсетілген талаптардың және (немесе) шаралардың орындалуына байланысты өтінішті (материалдарды) қарауды тоқтату туралы.".