Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 22 өкімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 5 шешімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі
2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов А.Кожошев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы
№ 22 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы Орындаушы Орындау мерзімі Іске асыру нысаны

I. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) нарығының әлеуетін пайдалану

1. Кедергілерді анықтау және жою

1. Кедергілерге қатысты мәселелер бойынша өнеркәсіптік ұйымдардың өтініштерімен жұмыс жүргізу

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

тұрақты негізде, өнеркәсіп ұйымдарынан өтініштер келіп түскен кезде

Комиссияның уәкілетті департаменті Одақтың ішкі нарығында кедергілер мен шектеулер белгілерінің болуы не болмауы туралы қорытынды қалыптастыру үшін кедергілер туралы мәліметтерді қамтитын келіп түскен өтініштер негізінде дайындалған Комиссияның позициялары

2. Одаққа мүше мемлекеттердің жүйе құраушы кәсіпорындарының мониторингі
(бұдан әрі – мүше мемлекеттер) (сауалнама жүргізе отырып) және көрсетілген мониторинг негізінде анықталған кедергілер туралы баяндама дайындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2 жылда 1 рет

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндамаға енгізу үшін ақпарат

3. Трансшекаралық кедергілерді азайту және өндірістік кооперация үшін жағдай жасау жөнінде ұсыныстар дайындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай,
2 жылда
кемінде 1 рет

одақ органдарының қарауына арналған ұсыныстар/акт органа Союза

2. Мүше мемлекеттердің сезімтал тауарларға қатысты өнеркәсіптік саясатын үйлестіру

4. Одақтың ресми сайтында сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттер қабылдаған (әзірлеген) нормативтік құқықтық актілердің (актілер жобаларының) тізілімін жүргізу және осындай нормативтік құқықтық актілерді талдау

Комиссия

тұрақты негізде

Одақтың ресми сайтында (жабық бөлімде) тізілімді жүргізу, сезімтал тауарлар бойынша нормативтік құқықтық актілерді іздеу және анықтау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау

5. Мүше мемлекеттердің Одақтың сезімтал тауарларға қатысты құқығын орындауы туралы есепті дайындау және оны мүше мемлекеттерге жұмыста есепке алу үшін жіберу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тоқсан сайын

мүше мемлекеттерге жіберу үшін есеп

жыл сайын

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында есеп беру

6. Сезімтал тауарларды өндірушілерге ерекше субсидиялар беруді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары туралы міндетті хабардар ету тетігінің орындалуын мониторингтеу

Комиссия

тұрақты негізде

мониторинг нәтижелері туралы баяндамалар

7. Сезімтал тауарларды өндірушілерге ерекше субсидиялар беруді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талдау және олардың Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкестігі туралы қорытынды дайындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

нормативтік құқықтық актілер жобаларының 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың өнеркәсіптік субсидиялар саласындағы ережелеріне сәйкестігі туралы қорытындылар

8. Сезімтал тауарларды өндірушілерге ерекше субсидиялар беруді көздейтін мүше мемлекеттер қабылдаған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жинақтау

Комиссия

қажеттілігіне қарай

Одақтың ресми сайтында (жабық бөлімде) ерекше субсидиялар беруді көздейтін қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тізілімін жүргізу

9. Мүше мемлекеттердің өзара позицияларын есепке алу үшін сезімтал тауарларға қатысты өнеркәсіптік саясат шараларын қабылдау алдында мүше мемлекеттердің консультацияларын ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

кеңестердің хаттамалары

3. Кооперациялық ынтымақтастықты қалыптастыру және бірлескен жобаларды іске асыру

10. Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация желісін және технологиялар трансферін қалыптастыру

Комиссия,
мүше мемлекеттер

31 желтоқсан 2025 ж.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы
№ 21 өкімімен бекітілген "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейлі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есептер

11. Перспективалы кооперациялық жобалар, оларды іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар қалыптастыру (оның ішінде одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тұрақты негізде
(қажеттілігіне қарай)

Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарау жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасы

12. Мерзімді салалық шолуларды дайындау

Комиссия

тұрақты негізде,
жыл сайын

Одақтың ресми сайтындағы салалық шолулар
 

13. Одақтың индустрияландыру картасының іске асырылуын мониторингтеу, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстары бойынша оның мазмұнын жаңарту

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тұрақты негізде
(қажеттілігіне қарай)

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарау үшін ақпарат

14. Интеграциялық әсері бар жобаларды іздеу және іріктеу жүргізу арқылы ең үздік әлемдік практикалар негізінде жобаларды іске асыруға мүше мемлекеттер ұйымдарының, қаржылық және қаржылық емес институттарының, банктердің өзара қатысуын қамтамасыз ету

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

тұрақты негізде
(қажеттілігіне қарай)

мүше мемлекеттердің қарауы үшін Еуразиялық технологиялық платформаларға (бұдан әрі – ЕТП) қатысушылардың ұсыныстары

4. Кооперациялық ынтымақтастықты тереңдету

15. Одақ органдарының қарауы үшін Одақ шеңберінде кооперациялық жобаларды қолдау тетіктерін кеңейту (оның ішінде халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы) бойынша ұсыныстар әзірлеу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 ж. 31 желтоқсан

Одақ органдарының отырыстарында баяндамалар

16. Одақ органдарының актілерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өнеркәсіптік тауарларға қойылатын талаптарды біріздендіру мүмкіндігін пысықтау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2024 ж. 31 желтоқсан
(қажет болған кезде)

өнеркәсіптік тауарларға қойылатын талаптарды біріздендіру туралы ұсыныстар

17. Мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде оларды орындау кезінде тауар шығарылған болып есептелетін жағдайларды, өндірістік және технологиялық операцияларды айқындау орынды болатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тұрақты негізде
(қажеттілігіне қарай)

кеңестердің хаттамалары, бәсекелестік саясат және Мемлекеттік сатып алу саясаты департаменті жүргізетін жұмыс шеңберінде мүше мемлекеттердің қарауына арналған ұсыныстар

II. Экспорттық нарықтардағы бірлескен жұмыс

1. Бірлесіп өндірілген тауарларды үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету

18. Интеграциялық әсері бар жобаларды қолдау үшін мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында қаржыландыру тетігін қалыптастыру мүмкіндігін пысықтау (Еуразиялық даму банкінің қатысуымен)

мүше мемлекеттер,
Комиссия

2024 ж. 31 желтоқсан

бейінді жұмыс тобының отырысында қарау үшін ұсыныстар

19. Мүше мемлекеттерде үшінші елдердің нарықтарына өндірілген тауарлардың экспортын қолдау үшін мүше мемлекеттерде құрылған ақпараттық ресурстарды пайдалану бөлігінде экспортты қаржылық емес қолдаудың бірлескен шараларын қолдану мүмкіндігін пысықтау (оның ішінде ақпаратты Одақтың ресми сайтында орналастыра отырып, бірлескен көрме-жәрмеңке іс-шараларын өткізу)

Комиссия

тұрақты негізде

Одақтың ресми сайтындағы ақпарат

20. Мүше мемлекеттердің бірлескен экспорты үшін перспективалы нарықтар мен өнеркәсіп салаларына талдау жүргізу және мүше мемлекеттер үшін тиісті ұсынымдар әзірлеу (қажет болған кезде)

Комиссия

2022 ж. 31 желтоқсан

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

21. Экспортты қолдаудың ең үздік әлемдік практикаларына талдау жүргізу және Одақ органдарының қарауы үшін қолданылатын тетіктерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу (қажет болған кезде)

Комиссия

2022 ж. 31 желтоқсан

Одақтың ресми сайтында орналастырылған және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына бағытталған талдамалық ақпарат

2. Үшінші мемлекеттердің іскер топтар бірлестіктерімен жұмыс жүргізу

22. Үшінші мемлекеттердің іскер топтар бірлестіктерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

Комиссия,
мүше мемлекеттер

жыл сайын

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын халықаралық қызмет туралы есепке енгізу үшін ақпарат

23. Мүше мемлекеттерде салалық оқшауландырылған өндірістердің дамуын шектейтін проблемалық мәселелерге талдау жүргізу, мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ұйымдарын халықаралық өндірістік тізбектерге енгізу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2 жылда 1 рет

жүйе құраушы кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша баяндамаға енгізу үшін ұсыныстар

24. Мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және халықаралық интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастық

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тұрақты негізде

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын халықаралық қызмет туралы есепке енгізу үшін ақпарат

25. Мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерін дамытуды мониторингтеудің, болжаудың, ынталандырудың ең үздік практикалары туралы халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру

Комиссия,
мүше мемлекеттер

тұрақты негізде

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарау үшін ақпарат

III. Инновациялық ынтымақтастық және өнеркәсіпті цифрландыру

1. Одақ шеңберінде технологиялық болжамдаудың жалпы жүйесін қалыптастыру

26. Даму институттары, инновацияларды әзірлеуші ұйымдар өкілдерінің (ғылыми – зерттеу, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қоса алғанда) қатысуымен негізгі бағыттар бойынша технологияларды дамыту үрдістері мен болжамдарын талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң құру

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 ж. 31 желтоқсан

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің хаттамалық шешімі

27. Әлемдегі және Одақ шеңберіндегі технологиялардың, инновациялық тауарлар нарықтарының даму үрдістері мен перспективалары туралы шолуды дайындау және Одақ шеңберіндегі технологиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, оны қолдау шаралары туралы ұсыныстар әзірлеу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2024 ж. 31 желтоқсан

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарау үшін ақпарат

2. БТП шеңберінде өзара іс-қимыл жасау

28. Технологиялық даму бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тұрақты жұмыс істейтін алаңдары ретінде ЕТП шеңберінде жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру

Комиссия,
мүше мемлекеттер, ЕТП қатысушылар, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдар, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері
(келісім бойынша)

тұрақты негізде

БТП қатысушылардан немесе мүше мемлекеттерден өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар

29. ЭСА қызметіне мониторинг жүргізу, тиісті баяндама дайындау (олардың жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды көрсете отырып)

Комиссия,
мүше мемлекеттер, ЕТП қатысушылар, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша)

2 жылда 1 рет
(қажет болған кезде)

баяндама

3. Еуразиялық құзырет орталықтарын құру

30. Мүше мемлекеттердің Еуразиялық құзырет орталықтарын мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қалыптастыруы үшін мүше мемлекеттердің жағдайлар жасауы

мүдделі мүше мемлекеттер,
Комиссия,
бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдар, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері, оның ішінде ЕТП қатысушылар (келісім бойынша)

тұрақты негізде
(қажет болған кезде)

Комиссия Алқасының ұсынымдары

4. Өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастық саласында тәжірибе алмасу

31. Мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу ұйымдары, даму институттары және өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында жұмыс байланыстарын орнатуға жәрдемдесу, одақ органдарының қарауы үшін мүше мемлекеттерде іске асырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия,
мүше мемлекеттер, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдар, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері, оның ішінде ЕТП қатысушылар (келісім бойынша)

тұрақты негізде

Одақ органдарының қарауына
арналған ұсыныстар

5. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілері қызметінің шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету

32. "Жалғыз терезе" тетігін дамытуға және өндірісті құрғысы келетін кәсіпкерлер мен өндірушілер үшін оның қолжетімділігі жағдайларын қамтамасыз етуге қатысу

Комиссия,
мүше мемлекеттер, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдар, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері, оның ішінде ЕТП қатысушылар (келісім бойынша)

2024 ж. 31 желтоқсан

Одақтың ресми сайтында
орналастыруға арналған ақпарат

6. Мүше мемлекеттер өнеркәсібінің цифрлық трансформациясы

33. Мүше мемлекеттердің салалық қауымдастықтарының, жетекші технологиялық компанияларының және бейінді ұйымдарының қатысуымен өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Комиссия,
мүше мемлекеттер, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдар, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері, оның ішінде ЕТП қатысушылар (келісім бойынша)

2024 ж. 31 желтоқсан

Одақтың ресми сайтында
орналастыруға арналған ақпарат

34. Кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау және цифрлық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар дайындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2024 ж. 31 желтоқсан
(қажет болған кезде)

Комиссия ұсынымы

IV. Өнеркәсіптік интеграцияны тереңдетудің стратегиялық бағыттары
1. Өнеркәсіпті дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастырудың орындылығын жан-жақты бағалау

35. Одақ шеңберінде өнеркәсіпті дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастырудың орындылығы туралы кешенді баяндама дайындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 ж.31 желтоқсан

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында баяндама

2. Мүше мемлекеттердегі өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау құралдары мен деңгейін бағалау және оларды жақындастырудың ықтимал бағыттарын пысықтау

36. Мүше мемлекеттерде өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау құралдары мен деңгейіне талдау және бағалау жүргізу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2021 ж. 31 желтоқсан

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында баяндама

37. Одақ органдарының қарауы үшін мүше мемлекеттердегі өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау құралдары, деңгейлері туралы баяндама дайындау (оларды жақындастырудың ықтимал бағыттары бойынша ұсыныстарды көрсете отырып)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 ж. 30 сәуір

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында баяндама

3. "Жасыл" технологиялар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту

38. Бір рет қолданылатын пластикті (оның ішінде пакеттерді) әкелуге және өндіруге кезең-кезеңімен тыйым салуды енгізу мәселесін зерделеу және өнеркәсіп саласын талдау негізінде ұсыныстар қалыптастыру

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2023 ж. 31 желтоқсан

Комиссия кеңесінің отырысында бір рет пайдаланылатын полимерлік бұйымдардың жекелеген түрлерін әкелуге және өндіруге кезең-кезеңімен тыйым салуды енгізудің орындылығына әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізу қорытындылары бойынша баяндама

V. Өнеркәсіптік тауарлардың заңсыз айналымы үлесін төмендету және қадағалаудың үйлестірілген ақпараттық жүйелерін дамыту

39. 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді іске асыру мақсатында мүше мемлекеттер арасында өткізілетін өнеркәсіптік тауарларды қадағалау мәселелері бойынша Одақ органдары актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2022 ж.31 желтоқсан

кеңестердің хаттамалары, Комиссияның Қаржы саясаты департаменті жүргізетін жұмыс шеңберінде мүше мемлекеттердің қарауына арналған ұсыныстар

40. Өнеркәсіптік тауарларға қатысты бөлігінде мүше мемлекеттердің тиісті каталогтары негізінде Одақ тауарларының бірыңғай цифрлық каталогын әзірлеуге қатысу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2023 ж. 30 қыркүйек

Одақ тауарларының цифрлық каталогын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар

VI. Ақпараттық өзара іс-қимыл (Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып) және талдамалық қызмет

41. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіпті және кооперациялық ынтымақтастықты дамыту индикаторлары тізбесінің I бөлімінің 1 және 2-тармақтарына сәйкес индикаторларды пайдалана отырып, мүше мемлекеттер өнеркәсібін дамытудың жай-күйі мен үрдістері туралы электрондық ақпараттық-талдамалық шолуды дайындау (Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың
2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарына

№ 4 қосымша) (бұдан әрі – тізбе) және оны Одақтың ресми сайтында орналастыру

Комиссия

тоқсан сайын

ақпараттық-талдамалық шолу

42. Индикаторларды пайдалана отырып, Одақ шеңберінде өнеркәсіптік тауарлар нарығының мониторингін жүзеге асыру

Комиссия

тұрақты негізде

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

43. Тізбенің IV және V бөлімдеріне сәйкес индикаторларды пайдалана отырып, кооперациялық ынтымақтастық мониторингінің нәтижелерін қоса алғанда, Одақ шеңберінде өнеркәсіптік тауарлар нарығы мониторингінің нәтижелері туралы баяндама дайындау

Комиссия

жыл сайын

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

44. Мүше мемлекеттердің жүйе құраушы кәсіпорындары мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын (қажет болған кезде) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы баяндама дайындау

Комиссия

жыл сайын

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында баяндама

45. Мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірістік қуаттарды құру жобаларына шолу дайындау

Комиссия

жыл сайын

шолу, Комиссия Алқасының
хаттамалық жазбасы


Ескертпелер:

1. Осы жоспардың 17-тармағында көзделген, іске асырылуына Бәсекелестік саясат және Мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті жауапты болып табылатын, сондай-ақ іске асырылуына Қаржы саясаты департаменті жауапты болып табылатын 39-тармақта көзделген іс-шараларды қоспағанда, Комиссияның осы жоспардың іс-шараларын іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі Өнеркәсіптік саясат департаменті болып табылады.
2. Осы Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыруды мүдделі мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің бюджеттерінде олардың функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік органдарға көзделетін қаражат есебінен және шегінде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттер (олардың шаруашылық жүргізуші субъектілері) тартатын бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады