Қазақстан Республикасының Үкіметінен:
1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 317 бұйрығына №№ 1, 1.1 жобалардың паспорттары бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші елдердің өндірісінің техника және жабдық бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін әртүрлі барынша жол берілетін құнды белгілеуді болдырмайтын өзгерістер енгізуді аяқтау сұралсын.
№ 1.1 жобасының паспорты бойынша техника мен машиналар моделі жөнінде техника және жабдық бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін барынша жол берілетін құн Еуразиялық өндірушілердің 2022 жылға арналған баға ұсыныстарына сәйкес белгіленеді.
Мерзімі – 2021 жылғы 20 қыркүйек.
2.Осы Өкімнің орындалу қорытындысы туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында хабардар етуі сұралсын.
3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |