Еуразиялық экономикалық одақта цифрлық күн тәртібі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 14 Өкімі

      Цифрлық күн тәртібінің басымдықты бағыттарын, экономика салаларының, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал және жұмыс күші нарығының цифрлық трпнсформациясын іске асыру жөнінде тәсілдемелер тұжырымдау, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақта цифрлық трансформация мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құрсын және оның құрамын бекітсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген жұмыс тобының құрамына кіргізу үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарлары деңгейінен төмен болмайтын кандидатуралар бойынша ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияға берсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады