Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021-2023 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары және іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 15 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары және іске асыру кезеңдері туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 19 шешімінің 3-тармағына сәйкес:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021-2023 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары және іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шаралар жоспарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындауына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін және оның нәтижелері туралы 2024 жылғы бірінші жарты жылдықта Еуразиялық үкіметаралық кеңеске хабарласын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында оны мүше мемлекеттердің іске асыруына мониторингті 2021-2023 жылдарда жалғастырсын.

      5. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан



  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 15 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021-2023 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары және іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") ЖОСПАРЫ


Іс-шаралар атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты атқарушы (құжат жобасын әзірлеуші)

Жоспарланып отырған нәтиже (құжат)

І. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі міндеттерін іске асыруына және басымдықтарына бағытталған іс-шаралар

1. Көлік саласындағы басымдықтарды және үздік халықаралық практикаларды іске асыруды, соның ішінде Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көліктік-экономикалық байланыстарды іске асыру кезіндегі Одақтың географиялық басымдықтарын толығынан іске асыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша келісілген шараларды қабылдау, шетелдік озық тәжірибелерді талдау және енгізу

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік жүйелерін үздік халықаралық практикаларды ескере отырып дамыту туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 43 ұсынымын ескере отырып, халықаралық тәжірибені талдау және енгізу, ең үздік деген халықаралық практикаларды іске асыру

2011-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия)

мүше мемлекеттердің ақпараты, талдау материалдары

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру бойынша, сондай-ақ ең үздік халықаралық практикалармен алмасу мәселелері бойынша конференциялар (соның ішінде онлайн) өткізу

тұрақты негізде

мүше мемлекеттер. Комиссия

мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдарымен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) консультациялар өткізу

2. Мүше мемлекеттердің көлік жүйелерін әлемдік көлік жүйесіне интеграциялау

3 . Одақта электрондық көліктік құжаттарды енгізу мақсатында Одақтың құқығы мен мүше мемлекеттердің заңнамасын дамыту және жетілдіру

тұрақты негізде

мүше мемлекеттер, Комиссия

Одақ органдарының актілері мен мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері

4. Көлік қызметінде пайдаланылатын электрондық көліктік құжаттарды енгізу бойынша пилоттық (тестілік) жобаларды (соның ішінде екі жақты форматта) іске асыру

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

зерттеулер нәтижелері, есептер

5. Халықаралық ұйымдарда мүше мемлекеттердің мүдделерін ескеру мақсатында үйлестірілген позицияларды әзірлеу мүмкіндігі бар көлік саласындағы халықаралық шарттардың тізбесін айқындау:
а) көлік саласындағы халықаралық шарттарға мүше мемлекеттердің қатысуына мониторингі жүргізу
б) мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдарда үйлестірілген позицияларын қалыптастыру мақсатында консультациялар өткізу

2021-2023 жылдар
 
 
қажетіне қарай

Комиссия, мүше мемлекеттер
 
мүше мемлекеттер, Комиссия

мониторингің нәтижелері туралы мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесіне (бұдан әрі – Басшылар кеңесі) жыл сайын ақпарат ұсыну
Консультациялар хаттамалары, Комиссияның консультативтік органдарының хаттамалары, Басшылар кеңесінің шешімдері

3.Транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану

6. Одақ аясында аралас тасымалдарды регламенттеу үшін құқықтық негіздер қалыптастыру:
а) аралас тасымалдар форматын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін консультациялар өткізу
б) мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша халықаралық тасымалдарды жүзеге асырудың ерекшеліктерін ескере отырып, Одақ аясында аралас тасымалдарды ұйымдастыру қағидаттарын айқындау

2021-2023 жылдар
 
2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер
Комиссия, мүше мемлекеттер

Консультациялар хаттамалары, Комиссияның консультативтік органдарының хаттамалары, Басшылар кеңесінің шешімдері
Комиссияның ұсынымдары

7. Одақ аясында контейнерлік тасымалдарды дамыту:
а) контейнерлік тасымалдарды дамытуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу, Одақта жүктерді контейнерлеуге кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды анықтау мақсатында оларға талдау жүргізу
б) көлік қызметі субъектілерінің мүдделерін ескеру мақсатында Одақ құқығын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

2021 жыл
2022 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер
Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау баяндамасы
 
Комиссияның ұсынымы
 
 
 

Одақтың бірыңғай транзит жүйесін қамтамасыз етудің құқықтық негізін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысу

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

Уәкілетті органдардың үйлестірілген позициялары, құжаттардың жобалары

Одақ аясында ұсыныстар әзірлеу үшін көліктік-логистикалық орталықтарды дамытудың осы заманғы тенденцияларының жағдайына талдау жүргізу

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Талдау баяндамасы, Комиссияның ұсынымы

Одақта цифрландыру мәселелеріне жалпы көзқарастар бойынша ұсыныстарды іске асыру

2022 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссияның ұсынымы

4. Көлік қызметінің сапасын арттыру

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақта көлік қызметін көрсету сапасы индикаторларының тізбесі туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 41 ұсынымын іске асыруға мониторинг

жыл сайын

Комиссия, мүше мемлекеттер

мониторинг нәтижелері туралы ақпарат

5. Еуразиялық көлік дәліздерін құру және дамыту

12. Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін бекіту

2021 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органының актісі

13. Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын дайындау

2022 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органының актісі

14. Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру бойынша келісілген позицияларды, соның ішінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 4 өкімімен бекітілген іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыру аясында консультациялар өткізу

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

консультациялар
хаттамалары

Көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру

15. Көлік инфрақұрылымын дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде "Бір белдеу-бір жол" қытай бастамасымен қиыстыра отырып іске асыру:




а) мүше мемлекеттердің көлік және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларының тізбесін өзекті ету

жыл сайын

Комиссия, мүше мемлекеттер

бірлескен жобалардың тізбесі, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 75 өкімімен құрылған жұмыс тобының көлік және инфрақұрылым саласындағы маңызды интеграциялық жобаларды қарау бойынша отырыстарының хаттамалары

б) мүше мемлекеттердің көлік және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруына мониторинг жүргізу

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

жыл сайынғы есеп, жұмыс тобының көлік және инфрақұрылым саласындағы маңызды интеграциялық жобаларды қарау бойынша отырыстарының хаттамалары

Кадрлық әлеуетті тарту және пайдалану

16. Мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру немесе үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін реттейтін мүше мемлекеттердің заңнамасына талдау жүргізу

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

талдау баяндамасы

17. Мына мәселелерге қатысты ұсыныстар әзірлеу:
көлік саласындағы жоғары кәсіби мамандарды ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасау;
мамандарға қойылатын кәсіби және біліктілік талаптарын үйлестіру;
мамандарды оқыту, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастықты дамыту

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 76 өкімімен құрылған жұмыс тобының көлік және инфрақұрылым саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту бойынша отырыстарының хаттамалары, Комиссияның, Басшылар кеңесінің шешімдері

18. Бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін жағдайлар жасау. Осы заманғы бәсекеге қабылетті бірлескен орталықтарды құру және дамыту. Көлік саласында ғылымды және инновацияны дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

жыл сайын

мүше мемлекеттер, Комиссия

талдау материалдары, уәкілетті органдардың шешімдері

ІІ. Мүше мемлекеттердің автомобиль көлігі саласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыруға бағытталған іс-шаралар
1. Интеллектуалды көлік жүйесін дамыту

19. Мүше мемлекеттердің ұлттық интеллектуалды желісін құру, дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

2021-2022 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау баяндамасы

20. Одақтағы ұлттық интеллектуалды көлік жүйесін жетілдіру бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеу

 
2023 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұжырымдаманың жобасы

2. Жолаушылар тасымалын дамыту

21. Халықаралық жолаушылар тасымалының қызметін тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамытуға арналған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу

2022 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссияның ұсынымы

22. Одақ аясында жолаушылардың халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы қызметті лицензиялау (жолаушылардың халықаралық автомобилі тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру) тәртібін үйлестірудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу

 
2021-2023 жылдар

 
Комиссия, мүше мемлекеттер

 
талдау баяндамасы

23. Одақ аясында халықаралық жолаушылар тасымалына электронды билет сату жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

 
2021-2023 жылдар

 
Комиссия, мүше мемлекеттер

 
Комиссияның ұсынымы

3. Автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту және сақталуын қамтамасыз ету

24. Көлемі үлкен және (немесе) ауыр жүкті көлік құралдарының мүше мемлекеттердің автомобиль жолдарымен жүруін, соның ішінде аумағымен автомобиль көлігі жүріп өтетін мүше мемлекеттердің заңнамасын ескере отырып, оның аумағына (аумағынан) кірер (шығар) кезде бақылаудың келісілген механизмін әзірлеп, енгізу
25. Еуразиялық көлік дәліздерінің тізіліміне енгізілген жолдармен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массасы, діңгекке түсетін салмағы және көлемі туралы халықаралық шартты Одақ шеңберінде әзірлеп, оған қол қою

2022 жыл
 
 
2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер
 
мүше мемлекеттер, Комиссия

Одақ органының актісі
 
халықаралық шарт

4. Мүше мемлекеттердің автокөлік қызметінің сапасын және транзиттік әлеуетінің тиімділігін арттыру

26. Одақтың ішкі нарығында автомобиль көлігі саласындағы кедергілерді (тосқауылдарды, алып қоюларды, шектеулерді) анықтау және жою

тұрақты негізде

Комиссия, мүше мемлекеттер

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылатын кедергілерді жою барысы туралы жыл сайынғы баяндамаға енгізу үшін ақпарат
 

27. Еуразиялық көлік дәліздерінің тізбесіне енгізілген автомобиль жолдары бойынша халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асырған кезде ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсаттарды ресімдеу және беру рәсімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету, соның ішінде осындай рұқсаттарды "бір терезе" қағидаты бойынша берудің жалпы тәсілдерін әзірлеу

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

уәкілетті органдардың бірлескен шешімдері

28. Еуразиялық көлік дәліздерінің тізбесіне енгізілген автомобиль жолдары бойынша халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асырған кезде қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттарды ресімдеу және беру рәсімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету, соның ішінде осындай рұқсаттарды "бір терезе" қағидаты бойынша берудің жалпы тәсілдерін әзірлеу
29. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы Одақтың сыртқы шекарасынан көліктік (автомобиль) бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат алмасу

2021-2023 жылдар
 
 
тұрақты негізде

мүше мемлекеттер, Комиссия
 
Комиссия, мүше мемлекеттер

уәкілетті органдардың бірлескен шешімдері
 
Одақтың сыртқы шекарасынан мүше мемлекеттердің мән-жайлар орталығына ақпарат ұсыну, мүше мемлекеттердің ақпараты
 

30. Жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалы кезінде құжаттарды электронды түрде қолдануға бірте-бірте өту бойынша ұсыныстар әзірлеу

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау баяндамасы, Комиссияның ұсынымы

5. Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асырумен байланысты қызметкерлердің кәсіптік құзыретін қамтамасыз ету

31. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру үшін жауапты жүргізушілер мен мамандарға қойылатын кәсіптік және біліктілік талаптарын келісілген қабылданған тәсілдер негізінде үйлестіру

2021-2022 жылдар

мүше мемлекеттер

мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері

32. Қажетті біліктілігі бар екенін куәландыратын құжаттарға, тиісті оқу орталықтарына және білім беру ұйымдарына, білімінің сапасы мен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуіне талаптарды үйлестіру туралы ұсынымдарды әзірлеу және қабылдау

2021-2022 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссияның ұсынымы

ІІІ. Мүше мемлекеттердің су көлігі саласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыруға бағытталған іс-шаралар
Теңіз көлігі

33. Үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдау кезінде мүше мемлекеттердің порттарында рәсімдерді жеңілдету бойынша шаралар әзірлеу

2021-2023 жылдар (қажетіне қарай)

мүше мемлекеттер, Комиссия

уәкілетті органдардың хаттамалық шешімі
 

2. Ішкі су көлігі

34. 2019 жылғы 1 ақпандағы Келісімді күшіне енгізу үшін қажетті рәсімдерді аяқтау

2021 жыл

мүше мемлекеттер, Комиссия

мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілері, мүше мемлекеттер сыртық істер министрліктерінің ноталары, Комиссияның нотасы

35. 2019 жылғы 1 ақпандағы Кеме шаруашылығы туралы келісімде көзделген нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық ведомствоаралық шарттарды әзірлеу және қабылдау
36. Мүше мемлекеттердің ішкі су көлігі саласындағы заңнамасын үйлестірудің келісілген тәсілдерін әзірлеу бойынша консультациялар өткізу

2021-2022 жылдар
 
 
тұрақты негізде (қажетіне қарай)

мүше мемлекеттер, Комиссия
 
мүше мемлекеттер, Комиссия

халықаралық ведомствоаралық шарт, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері
консультациялар хаттамалары

37. Мүше мемлекеттер үшін кемелердің су жолдарымен өту тәртібін жетілдіру

қажетіне қарай

мүше мемлекеттер

мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері

38. Ішкі су көлігі саласындағы бағдарламалар мен стандарттарды үйлестіру бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу жөнінде консультациялар өткізу

2021-2022 жылдар

мүше мемлекеттер

консультациялар хаттамалары

ІҮ. Мүше мемлекеттердің темір жол көлігі саласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыруға бағытталған іс-шаралар
Бірыңғай көлік кеңістігінің жұмыс істеуі үшін жағдайларды жетілдіру

39. Үшінші мемлекеттермен халықаралық темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық шарт жасасу туралы мәселені әзірлеу

2021-2022 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

консультациялар хаттамалары, Басшылар кеңесінің шешімдері

40. Одақ шеңберінде тасымалдары жүзеге асырған кезде электронды темір жол жүк құжатын пайдалануға көшумен байланысты жобаларды іске асыру

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

уәкілетті органдардың ақпараты

2. Тасымалдау қызметін және инфрақұрылым қызметін көрсетуді қоспағанда, темір жол қызметтерінің жалпы Нарығының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау

41. Темір жол көлігімен көрсетілетін қызметтерге әсер ететін кедергілерді (тосқауылдарды, алып қоюларды, шектеулерді) анықтау және жою
 

тұрақты негізде

Комиссия, мүше мемлекеттер

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылатын кедергілерді жою барысы туралы жыл сайынғы баяндамаға енгізу үшін ақпарат

Ү. Мүше мемлекеттердің әуе көлігі саласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыруға бағытталған іс-шаралар
Мүше мемлекеттердің заңнамасын азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына сәйкес үйлестіру

42. Үйлестіру салалары бойынша келісілген ұсыныстар негізінде келісілген нормаларды, қағидаларды және рәсімдерді әзірлеу, оларды реттеу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 37 ұсынымы ескеріле отырып мүше мемлекеттердің заңнамасымен жүзеге асырылады

2021-2022 жылдар

мүше мемлекеттер,
Комиссия

Одақ органының актісі

43. Мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне әзірленген нормаларға, қағидаларға және рәсімдерге сәйкес өзгерістер енгізу

2023-2025 жылдар

мүше мемлекеттер

мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері

Азаматтық авиацияның қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту

44. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттарын халықаралық авиация үшін (CORSIA) көмір қышқылының ауаға шығарылымын азайту және оған өтемақы төлеу жүйесіне қатысты іске асыру мәселелері бойынша мүше мемлекеттер үшін ортақ тәсілдерді әзірлеу және үйлестіру

20214- жылдар

мүше мемлекеттер,
Комиссия

консультациялар хаттамалары

45. "жасыл жобаларды" әзірлеу және ИКАО-ға ұсыну бойынша тәжірибе алмасу

жыл сайын

мүше мемлекеттер,
Комиссия

талдау анықтасы, консультациялар хаттамалары

Әділетті және жосықты бәсекелестікті қамтамасыз ету

46. Мүше мемлекеттер арасында әуе көлігімен тасымалдау нарығында бәсекелестікті дамытуға әсер ететін кедергілерді (тосқауылдарды, алып қоюларды, шектеулерді) анықтау және жою

тұрақты негізде

Комиссия, мүше мемлекеттер

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылатын кедергілерді жою барысы туралы жыл сайынғы баяндамаға енгізу үшін ақпарат

47. Одақтың әуе көлігімен қызмет көрсетудің ортақ нарығында әділетті және жосықты бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы Одақ органының актісін әзірлеп, қабылдау, оған мыналар кіреді, бірақ шектелмейді:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың әуе көлігімен қызмет көрсетудің ортақ нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру кезінде әділетті әрі жосықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және әуе қатынасын кеңейту бойынша келісілген тәсілдер туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 39 ұсынымының ережелерін іске асырудың нормаларын әзірлеп, келісу, ол 2025 жылға дейін бір мезгілде (мүше мемлекеттердің әзірлігіне қарай*) мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:
басқа мемлекеттердің арасында әуе қатынасын тұрақты орындайтын әуе кемелерін пайдаланғаны үшін қолданылатын аэронавигациялық және әуежайлық қызмет көрсеткені үшін алымдарды алу кезінде өз пайдаланушылары үшін белгіленген тарифтер сияқты тарифтерді қолдану;
басқа мүше мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылар үшін аэронавигациялық және әуежайлық қызмет көрсеткені үшін ұлттық валютада немесе үшінші елдердің валюталарында өзара есеп айырысу кезінде мүше мемлекеттердің банктері тиісті күнтізбе күні белгілеген ресми бағамды қолдану;
мүше мемлекеттердің заңнамасына ережелерді енгізу, оған сәйкес басқа мүше мемлекеттердің тұтынушыларына аэронавигациялық және әуежайлық қызмет көрсету өз тұтынушыларына көрсетілетін қызметтері үшін жасалатын жағдайлардан кем болмайтын жағдайларда жүзеге асырылады;
мүше мемлекеттердің авиакомпанияларынан жолаушыларды және жүкті авиамен тасымалдау үшін басқа мүше мемлекеттің әуе кеңістігін пайдаланғаны үшін қосымша алым алуға жол бермеу;
басқа мүше мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшу бойынша жолаушыларды және жүкті тасымалдаған кезде қолданылып жүрген шектеулерді алып тастау;
мүше мемлекеттердің арасында халықаралық әуе қатынастарын тұрақты орындаған кезде қолданылып жүрген шектеулерді 2025 жылға дейін (мүше мемлекеттердің әзірлігіне қарай*) кезең-кезеңімен алып тастауды қамтамасыз ету:
белгіленген маршруттар бойынша шарттық желі (баратын жері) бойынша;
белгіленген маршруттар бойынша шарттық желілерді пайдалану үшін белгіленген және уәкілетті авиа кәсіпорындардың (тасымалдаушылардың) саны бойынша;

 
 
 
 
 
 
2023 жылға дейін

 
 
 
 
 
 
Комиссия, мүше мемлекеттер

 
 
 
 
 
 
Одақ органының актісі

маршрутта немесе маршруттың бір бөлігінде әуе кемелерінің түсетін коммерциялық жүктеме (әуе кемелерінің сыйымдылығы) бойынша;
әуе кемесінің белгілі бір кезең ішінде маршрутта немесе маршруттың бір бөлігінде жасайтын ұшуларының саны (ұшуларды орындаудың жиілігі) бойынша
б) мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне және әуе қатынасы туралы келісімге қосымшаға өзгерістер енгізу

2025 жылға дейін (мүше мемлекеттердің әзірлігіне қарай*)

мүше мемлекеттер, Комиссия

мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері, әуе қатынасы туралы келісімге қосымшаға өзгерістер енгізу

Әуе кемелерінің паркін жаңалау, әуежайлардың жер үстіндегі инфрақұрылымдарының объектілерін ИКАО-ның стандарттарына және ұсынатын практикаларына сәйкес жаңарту және дамыту

48. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету:
а) мүше мемлекеттердің үкіметтерінің 2021 жылғы бірінші жарты жылдықта Одақ аясында авиациялық саланы қоса алғанда, экономиканың жоғары технологиялық салаларында импорт алмасу жөнінде комиссия құру мүмкіндігін қарастыруы;
б) Комиссияның мүше мемлекеттермен бірге авиа құрылысы саласындағы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мүмкіндігін қарастыруы;
в) Комиссия мен мүше мемлекеттердің қолда бар және өндірісі жоспарланып отырған әуе кемелерін жасауды ескере отырып, азаматтық жолаушылар самолеттерінің жекелеген түрлерін Одақ аумағына әкелген кезде тарифтік жеңілдіктер беру мәселесі бойынша бірлескен жұмысын жалғастыру;
г) Комиссияның тапсырманың 2-тармағын орындағаны туралы Комиссия кеңесіне 2021 жылғы ІІ тоқсанда ақпарат беруі.

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органдарының актілері

5. Ұшулардың қауіпсіздігін және авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету

49. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үздіксіз мониторинг шеңберінде Ұшулар қауіпсіздігі мен (УППБП) мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тексерулер жүргізу бойынша ИКАО әмбебап бағдарламасы жөніндегі ИКАО тексерулерін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде жүйелі түрде өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ ұшулардың қауіпсіздігі мен авиация қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін "Қауіпсіздік" қосымшасының 17-ережесі мен ИКАО "Ұшулардың қауіпсіздігін басқару" 19-ережесі стандарттарын іске асыру

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

жыл сайын конференциялар өткізу

50. Мемлекеттік инспекторлардың авиация қауіпсіздігі саласында практикалық дайындықтан өтуі (OJT) бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

жыл сайын конференциялар өткізу

51. Ұшуға жарамдылық және ұшулардың қауіпсіздігін қамта-масыз ету саласында мүше мемлекеттер арасында келісім жасасудың орындылығы, сондай-ақ авиациялық техниканың типі (бастапқы сертификат типін тану) бойынша жұмыс саласында ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселесін әзірлеу

2021-2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау баяндамасы, Комиссияның ұсынымы

52. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауға және әуе қозғалысын ұйымдастыруға келісілген тәсілдер туралы" 2020 жылғы 24 қарашадағы № 22 ұсынымының ережелерін іске асыру бойынша консультациялар жүргізу, оған мыналар жатады:
ИКАО Ғаламдық аэронавигациялық жоспарының ережелерін ИКАО 2016-2030 жылдарға арналған авиация жүйесін блоктық жаңалауды іске асыру шеңберінде келісілген негізде қолдану;
мүше мемлекеттердің ұлттық аэронавигациялық жүйелерін сәйкестендіруге және үйлестіруге келісілген негізде қол жеткізу;
әуе кеңістігін ыңғайлы пайдалану тұжырымдамасын іске асыру;
халықаралық әуе кеңістігін тұрақты пайдаланатын мүше мемлекеттердің авиатасымалдаушыларына әуе кеңістігін пайдалануға рұқсаттар (хабарламалар) беру рәсімдерін үйлестіру

2021-2023 жылдар

мүше мемлекеттер, Комиссия

консультациялар хаттамалары

Әуе қатынасын кеңейту

53. Одақ аясында әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын құру және олардың жұмыс істеуі бойынша халықаралық шартты әзірлеу және жасасу мәселесін әзірлеу

2021-2022 жылдар


талдау баяндамасы, Комиссияның ұсынымы

      * іс-шараларды белгіленген мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігін көздейді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады