2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 41-тармағының үшінші абзацына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ұсынымы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Темирбек Ишенбаевич Асанбековты тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктің қалған мерзіміне Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып Арзыбек Орозбекович Кожошев тағайындалсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жеке құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Арзыбек Орозбекович Кожошев енгізілсін, Темирбек Ишенбаевич Асанбеков жеке құрамнан шығарылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |