Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 29 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 40-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Мына адамдар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері ретінде бекітілсін:

Глазьев
Сергей Юрьевич

Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Камалян
Артак Каджикович

Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Никишина
Вероника Олеговна

Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Назаренко
Виктор Владимирович

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Акматов
Нурлан Орозбаевич

Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Кайкиев
Эмиль Абдыкалыевич

Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Жұманғарин
Серік Мақашұлы

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Варданян
Гегам Левонович

Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).

      2.Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.

      3.Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 29 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері арасында міндеттерді БӨЛУ

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы:

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасының қызметін ұйымдастырады және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне сәйкес оған жүктелген функциялардың орындалуы үшін жауапты болады.

      Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) интеграциялық саясат;

      2) макроэкономикалық саясат;

      3) Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату.

      Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарыттары;

      2) қаржы нарықтары;

      3) салықтар және салық салу;

      4) валюта саясаты;

      5) кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;

      6) зияткерлік меншік;

      7) еңбек көші-қоны;

      8) қызметтер көрсету және инвестициялар.

      Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) өнеркәсіп;

      2) агроөнеркәсіптік кешен;

      3) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы субсидиялары.

      Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) сыртқы сауда саясаты;

      2) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;

      3) ішкі нарықты қорғау шаралары;

      4) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу;

      5) тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау.

      Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) техникалық реттеу;

      2)санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар;

      3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

      4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы.

      Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) кедендік реттеу;

      2) кедендік әкімшілендіру.

      Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) энергетикалық саясат;

      2) табиғи монополиялар;

      3) көлік және тасымалдар.

      Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) бәсекелестік саясат;

      2) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу.

      Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл;

      2) ішкі нарықтардың тосқауылсыз, алып қоюсыз және шектеусіз жұмыс істеуі.

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 29 шешіміне
ҚОСЫМША

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің күші жойылған шешімдерінің

ТІЗБЕСІ

      1.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 37 шешімінің 1 және 2-тармақтары.

      2.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 11 шешімі.

      3.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 4 шешімі.

      4.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 5 шешімі.

      5.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 12 ақпандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 2 шешімі.

      6.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 31 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерін тағайындау туралы" № 17 шешімі.

      7.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 21 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 2 шешімі.

      8.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 14 шешімі.

      9. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы" № 27 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады