2022 жылғы 14 наурызда қол қойылған, 2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге Хаттаманың күшіне енуі туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 8 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының екінші абзацына және 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімнің 11-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. 2022 жылғы 14 наурызда қол қойылған, 2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге Хаттама (бұдан әрі – Хаттама) жасалған күнінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешімнің 1-тармағы күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Иран Ислам Республикасының атына Хаттаманың 2-бабында көзделген хабарламаны жолдасын.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді 2022 жылғы қыркүйектен кешіктірмей тездетіп аяқтау бойынша түбегейлі шаралар қабылдасын.

      4. Осы Шешімнің 1-тармағын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 1-тармағы Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз
Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады