2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 815 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оның мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттамаға қагидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 23 ақпандағы
№ 815 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба

2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге ХАТТАМА

      Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі "ЕАЭО" деп атапады) пен Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы (бұдан әрі "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер" деп аталады) және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы (бұдан әрі "Иран И.Р." деп аталады):

      Иран күнтізбесі бойынша 1397 жылғы 27 Ординбехештке сәйкес келетін 2018 жылғы 17 мамырда Астанада жасалған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің (бұдан әрі "Уақытша келісім" деп аталады) қолданылу мерзімін ұзартуға ниет білдіре отырып;

      олардың арасында еркін сауда аймағын құру туралы бірлескен шешімін және Уақытша келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту тиісті келісім бойынша жүргізілетін келіссөздерге әсер етпейтінін растай отырып;

      Уақытша келісімнің 1.3-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып;

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Уақытша келісімнің 9-тарауына сәйкес Уақытша келісімнің қолданылу мерзімі Иран күнтізбесі бойынша 1404 жылғы 5 Абанға сәйкес келетін 2025 жылғы 27 қазанға дейін немесе Уақытша келісімнің 1.3-бабының 2-тармағында көрсетілген еркін сауда туралы келісім күшіне енгенге дейін қайсысы бұрын басталатынына қарай ұзартылады.

      2. Уақытша келісімнің 1.3-бабының 2-тармағында көрсетілген еркін сауда туралы келісім Уақытша келісім күшіне енген күннен бастап 6 жылдан кешіктірілмей жасалуға тиіс.

2-бап

      Осы Хаттама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер және Иран И.Р. ұлттық заңнамасында көзделген өздерінің тиісті ішкі заңдық рәсімдерін аяқтағаны, оның ішінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына сәйкес ЕАЭО мен үшінші тарап арасындағы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне ЕАЭО-ның келісім білдіруі туралы шешім қабылдағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді. Тиісті хабарламалармен алмасу Еуразиялық экономикалық комиссия мен Иран И.Р. арасында жүргізілуге тиіс.

      Иран күнтізбесі бойынша 140 жылға сәйкес келетін 202_ жылғы________ ___________ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі олардың екеуінің де күші бірдей.

      Армения Республикасы үшін
      Иран Ислам Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін
      Еуразиялық экономикалық одақ үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады