Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 6 қазандағы № 14 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Арман Абайұлы Шаққалиевті тағайындау кезінде айқындалған қалған өкілеттік мерзіміне Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып тағайындалсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және мүшелерінің арасында міндеттердің бөлінуі туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамынан Арман Абайұлы Шакқалиевті шығара отырып, дербес құрамға Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов енгізілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады